«Қазақ Елі» жүлдемен оралды
24.02.2017
1184
0

«Қазақ Елі» анима­циялық фильмі Каир қаласында өтіп жатқан оныншы Халықаралық анимациялық фильм­дердің форумына қатысып, «Ең үздік толықметражды фильм» жүлдесіне ие болды.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР Мә­де­ниет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша «САҚ-дала» ЖШС түсір­ген «Қазақ елі» анимациялық фильмі өткен жылы мамыр айында көпшілік назарына ұсынылып, кинотеатрлардан көрсетілген болатын. Жасалуында 2D және 3D технологиялар пайдаланыл­ған аталмыш туынды болашақ хандар – Жәнібек пен Керейдің балалық шағы мен есею жылдары туралы баяндайды. Фильмнің жарыққа шығуына атсалыс­қан­дар қатарында ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхаме­диұлы, тарих ғылымының докторы Жамбыл Артықбай және белгілі жазушы Дулат Исабеков те бар. Картинаның режиссері – Батырхан Дәуренбеков.
Анимациялық кинотуындының халықаралық кинофестивальдерде көрсетіліп, кеңінен насихатталу жұ­мыс­тарын Ш.Айманов атындағы «Қа­зақ­фильм» АҚ жүзеге асырады.
Биыл форум шеңберінде Германия, Швейцария, АҚШ, Қытай, Ресей, Авс­тралия, Қазақстан, Франция, Сингапур, Словакия, Австрия, БАӘ, Оңтүстік Корея сынды басқа да елдерден келіп түс­кен 90-нан астам қысқаметражды және толықметражды фильмдер ұсыныл­ған. Толықметражды ани­ма­ция­­лық фильмдерге баға беріп, ең үзді­гін анықтаған қазылар алқасының құрамына Аббас Әл Аббас (төраға), Та­рек Рашад және Сами Рафи кірді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір