Шыңғысхан тарихы – қазақ тарихы
Таяуда Алматыдағы «Айғаным» баспасынан тарихтанушы, жазушы Тілеуберді Әбенайұлының «Шыңғысхан тарихы – қазақ тарихы» атты жаңа кітабы жарық көрді.
Бұл монографиялық еңбек тарихи құжаттарға, сенімді деректерге сүйену арқылы дәлелді, дәйекті түрде жазылған. Автор Шыңғысхан әулетінің қысқаша шежіресін тарата отырып, осы ұлы әулеттің адамзат өркениетіне, қала мәдениетіне қосқан теңдессіз үлестерін, әлемде зайырлы, демократиялық қоғам қалыптастырудағы жетекші орнын тарихи құжаттық дәйектер арқылы дәлелдеп көрсетеді. Мұнда қазақ этнонимінің шығу тегі, қолданыс аясы жөнінде де тың пікірлер, жаңа көзқарастар айтылған. Сонымен бірге, алаш, өзбек, қырғыз, т.б. көптеген этникалық атаулар тұрғысынан да терең зерттеулер жүргізілген әрі тиянақты, батыл ойлар айтылып, тұжырымды қорытындылар шығарылған. Сондай-ақ, бұл еңбекте Моғолстан сынды тарихи теориялық атауға дәйекті түрде жағрапиялық, топографиялық анықтама берілген.