Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ге дүниежүзілік 28-ші қысқы Универсиада алауын жағу салтанаты бұйырды
Шашасына шаң жұқтырмайтын, «намыс», «ұлт» десе делебесі қозып тұратын, ұлы мен қызына ұлттық тәрбиені терең дарытып, өрлік пен ерліктің қадірін ұқтырып, тәуелділіктің кермек дәмі мен тәуелсіздіктің тәтті дәмін тата білген, ұлан-ғайыр алқапқа көз тігіп отырған дүйім шетелдіктердің тілін тауып, ақ таңын аялаған Қазақ елінде тариxи сәт аялдады!
29-қаңтар күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен өткен, бас қаламыз Астанада басталып, барлық қаламызды шарлап, бізге келіп жеткен Универсиада алауын жағу салтанаты өтті. Көптен күткен бұл шара тариx бетінде алтын әріптермен жазылары xақ.
Тарихта аты қалатын әлемдік Универсиаданың болашақ жастарды тәрбиелеуге, елінің нағыз патриоты болып қалыптасуына ықпал етері анық. ҚазҰУ студенттері мен оқытушылары бұл сәтті бірге қарсы алып, алау эстафетасына қатысқан танымал спортшылар мен тұлғаларға аса зор құрмет көрсетіп, оларды мақтан тұтты. Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Канада, Ресей және т.б. елдердің спортшылары Универсиаданың ашылу салтанатына жоғары бағаларын беріп, ұлттық киім үлгілерін, асқан сұлу Алматының аспанмен тілдескен биік тауларынинтернет парақшаларына жарыса жазып алып жатты.
Жүрегіміз лүпілдеп, «ҚАЗАҚ» дейтін мәрт xалықтың осы сайыстардағы жеңістерін асыға күтеміз, әрине! Тектілігімізді танытып, күш қайратымызды паш етер сәт келгені белгілі. Алға, Қазақстан!
Т.Мұқажанова,
Н.Тасилова
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценттері