ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢЫ
16.12.2016
3412
3

Қауырсын сап жыр қаламын қолға алам,
Айтар сөзді мың ойланып, толғанам.
Мен қазақпын! Мақтанамын!  Ұлымын!
Тәуелсіздік қызғалдағы – гүлімін!

Мен қазақпын! Өткен талай сынақтан,
Бастауларым – мөлдір тұнық, бұлақтар.
Сүрінбестен, өттім үлкен жолдардан
«Алға» деген ұран мені қолдаған.

Астым шың-құз, биік-биік қырлардан,
Жетеледі мені асқақ бір арман.
Мен қазақпын! Ұлылықтан жаралдым,
Сақ, үйсін, ғұн тайпалардан таралдым.

Бумын қаған кезеңінде құрылған,
Түрік елдің шаңырағы саналдым.
Мен қазақпын! Ордам болған алтыннан,
Тайған жоқпын азат болу қалпымнан.
Тыныштықта ел болуға талпынған,
Хандық құрдым «Қазақ» атты Ар тұнған.
Хандарым бар Керей менен Жәнібек,
Сақтап тұрар керегемді Ант пен Серт.

Ақындарым, батырларым бір бүтін,
Рухы биік, жанған өрттей жыр бітім.
Күшейтуге күш салғандар Хандықты,
Қайраттанды, қайсарлықты, жанды ұқты.

«Тәуекел» деп сақтап қалған жерлерін,
Қасым, Есім, Жәңгір, Абылай – ерлерім.
«Ер есімі – ел есінде» сақталар
Ерлер ісі – ұрпақ барда ақталар.

Қабанбайдай, Бөгенбайдай асылдар,
Наурызбайдай батыр туған ғасыр бар.
Мен қазақпын! Не өтпеді басымнан,
Жігерленіп, рухы өрлеген, тасынған.
Мен қазақпын! Аштықты да көргенмін,
«Алаш» болып талпынды елім, өрге мың.
Бауырыммен нан үзігін бөлістім,
Мың азабын көрдім азғын немістің.

Бірақ та мен құламадым, сынбадым,
Азат қазақ болу – мақсат сындарлы.
Ызғарынан Желтоқсанның ықпадым,
Үміт, арман – бар ойымнан шыққаным.

Үмітім бе, қабыл болған дұғам ба,
Жылдар бойы жетелеген арман ба?
Тоқсан бірде «Тәуелсіздік» атты таң,
Шарықтадым, шат-шадыман бақыттан.

Мен қазір «Тәуелсіз» Ел ұланымын,
Елдіктің, азаттықтың ұранымын.
Елбасым бар Ел бағына бұйырған,
Әнұраным, Елтаңбам, Ту – сыйынғам.

Дана халқым, тірек болған Елбасым,
Мәңгілік Ел – мұратымыз ең асыл.
Міне, қазір көп нәрсеге қол жетті,
Бақытына таусылмайтын мол жетті.

Жас қалам бар, бас қалам бар – Астанам!
Бойын түзеп ел тізгінін бастаған.
Мен қазақпын, биікпін мен, азатпын,
Бар күшімді азаттыққа арнаппын!

Құтты болсын ширек ғасыр – Тойымыз!
Мың ғасырға жүк болады ойымыз.
Ұлы Дала Елінің біз ұрпағы –
Ата берсін Тәуелсіздік Нұр таңы!

Жәмила
Бахтиярқызы,
№ 9 орта мектебінің
11 «ә» сынып оқушысы.

Алматы облысы, Талдықорған қаласы.

ПІКІРЛЕР3
Бахыт апа 17.12.2016 | 00:11

Талабына нур жаусын! Каламын канаттана берсин Айналайын.

Ахмет. Астана.. 17.12.2016 | 09:01

Мен мақтанамын тəуелсіздігімен. Мен мақтанамын осындай ұл- қыздарымызбен. Жамила дай қыздарымның таусылиасын сиясы, сынбасын — тəуелсіздіктің тірегі болған қаламы. БАҚЫТТЫ бол.

Алмаша Аязбекқызы 23.12.2016 | 15:39

Бәрекелді балам, бақытты бол! Жазарың көп болсын, қаламың мұқалмасын

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір