ПРЕЗИДЕНТ КУБОГЫ –  СӨЗ ӨНЕРІНДЕ
11.11.2016
1246
0

era_3793XIX «Шабыт» Халықаралық шы­­ғармашылық жастар фести­ва­лі өз мәресіне жетті. Алдымен Аста­надағы Қазақ Ұлттық өнер уни­верситетінде фестивальдің жеңім­паздары мен жүлдегерлеріне дипломдар мен сыйлықтар тапсырылды.

Одан кейін «Ша­быт­­тың» Гран-при иегерлері Бей­­­бітшілік және келісім сарайында салтанатты түрде ар­найы ма­рапатталды. Биыл­ғы Президент кубогы «Үздік әдеби шығар­ма» номинациясына бе­ріл­ді. Аталған номинация бо­йын­ша Гран-при иегері атанған ақын Ербол Ал­шынбай Прези­дент ку­бо­гын қан­жығасына бай­лады. Пре­зидент кубогы поэ­зия жан­ры­на соңғы рет 2006 жы­лы берілген бо­латын. О жы­лы қос ақын Ерлан Жүніс пен Ба­қытгүл Бабаш Поэзия жанры бойынша Гран-приге ие бол­ған. Қазылар ал­қа­сы­ның ше­шімі­мен Президент ку­бо­гы Ер­лан Жү­ніс­ке бұйырған еді. Ара­ға он жыл салып Президент кубогы ақындардың ен­ші­сіне тиіп отыр.

«Үздік әдеби шығарма» но­ми­­нациясы бойынша жеңім­паз ақын­дардың тізімі тө­менде­гі­дей: Арман Шеризат – Астана қа­ла­сының Мә­де­ниет, мұра­ғат­тар жә­не құ­жат­тама басқармасы аты­­нан арнайы сыйлық.

Әлімжан Әлі­шер – «Әде­биет порталы» тағайын­да­ған Әмір­­хан Балқыбек атындағы ар­найы сый­лық.

Ұмтыл Зарыққан – Мемле­кет және қоғам қайраткері, Қа­­­­зақ­стан­­ның еңбек сіңірген қай­­рат­кері, ақын Кәкімбек Са­­лықов атындағы арнайы сый­­лық.

Медет Божан – 3-орын.

Айдана Сегізбаева – 2-орын.

Асылбек Жаңбырбай – 1-орын.

Ербол Алшынбай – Гран-При.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір