ҒАЛЫМ, ҚАЙРАТКЕР
21.10.2016
1111
0

26943Құрметті Наштай МҰХИТДИНҰЛЫ! Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биология және биотехнология факультеті биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұжымы Сізді 75 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды.

Сіз білім беру саласында жастардың ұстазы әрі кеңесшісі ретінде, өз ісінің білімді де білікті ғалымы, биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының құрметті мүшесі ретінде әріптестеріңіздің ыстық ықыласына бөлендіңіз. Шебер ұйымдастыру­шылы­ғыңыздың нәтижесінде уни­верси­тет­тің ғылыми жұмыстары жөніндегі прорек­тор­­дың орынбасары, кафедра мең­геру­шісі, факультет деканы лауазым­дарында көптеген жыл абыройлы қызмет атқарып келдіңіз.

Кәсіби білікті мамандар дайындау­дағы еңбегіңіздің орны ерекше. 3 ғылым докторы, 15 ғылым кандидаты және 1 PhD доктор диссертацияла­рын ой­дағыдай қорғаттыңыз. Осындай ерен еңбектеріңіз үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шешімімен  «2013 жылдың ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атағы берілді.

Наштай Мұхитдинұлы, біз Сізге алдағы уақытта да шығармашылық табыс, шәкірттеріңізге деген ұстаздық ұлағат тілейміз!

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Биология және биотехнология факультеті
Биоалуантүрлілік және биоресурс­тар кафедрасының ұжымы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір