«АЛТЫН ТОБЫЛҒЫ» ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ
14.10.2016
1561
0

«ҚР Тұңғыш Президенті Қоры» әдебиет  бағытындағы  дәстүрлі  респуб­лика­лық «Алтын Тобылғы» жабық байқауын биыл екінші жыл жариялайды.

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры» ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған әдебиет бағытындағы дәстүрлі «Алтын Тобылғы» жабық бәйгесіне өтінімдерді қабылдайды.

Сыйақының жалпы қоры – 5,5 миллион теңге.

«ҚР Тұңғыш Президенті Қоры» жас та­ланттарды қолдау бағытында «Алтын То­былғы» әдеби сыйлығын алғаш
2015 жы­лы тағайындаған. Аталған жабық бай­қаудың негізгі мақсаты – ұлттық әдебиетте жаңа есімдерді қалыптастыру және жас қа­ламгерлердің қоғамдық өмірдегі философиясын көрсете отырып, жаңа заман әде­биетіне құлшынысын арттыру болып та­былады.

Жобаның серіктестері – Қазақстанның Жазушылар одағы және Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

«ҚР Тұңғыш Президенті Қорының» ат­қарушы директоры Сағындық Нұраха­нов мырза: «Алтын Тобылғы» әдеби сый­лы­ғы тараптармен жан-жақты сараптап, ке­лісе отырып, рухани көкжиегімізді кеңей­ту үшін өткен жылы арнайы та­ғайын­далған. Бұл әдеби жоба аз ғана уа­қыт­тың ішінде қоғамымызға кеңінен танылып, жас қаламгерлер үшін де айтулы оқи­ға болды. Аталған сыйлық Қазақ­стан­ның шығармашылықпен және ғылыммен ай­налысатын дарынды жастарын қолдауға ба­ғытталған Қордың дәстүрлі байқау бағ­дар­ламаларының қатарына енгізілді. Қор­дың лауреаттары, стипендианттар мен грант иелері – өздерінің жетістіктерін рес­публика көлемінде ғана көрсетіп қой­май, шетелде де кеңінен танылған есім­дер. Биылғы жылғы әдеби байқау да елі­міз­дің рухани кеңістігі үшін айтулы оқиға бо­латынына және бүгінгі кезең әдебиетіне тың туындылар ұсынатын лайықты есім­дер қатары арта түсетініне сенімдіміз», – деп айрықша атап өтті.

Байқауға Қазақстанның 18-35 жас ара­лы­ғындағы жас дарындар қатыса алады. Жабық бәйгеге бұдан бұрын еш жерде жа­рия­ланбаған (кітаптарда, газет-жур­нал­дарда, интернет порталдарда, әлеуметтік желілерде) туындылар ғана қабылдана­ды.

«Алтын Тобылғы» сыйлығы «Үздік про­за», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік балалар әдебиеті» деген төрт но­минация бойынша тағайындалған. Әр­бір номинацияның жеңімпазға 1 миллион теңге сыйақы беріледі. Сонымен қатар, биыл­ғы жылы Қазақстан Республикасы Тәуел­сіздігінің 25 жылдығына орай арнайы тақырыптық номинация жарияланды. Бұл номинация бойынша сыйақы 1,5 миллион теңге көлемінде белгіленді.

Шығармаларды еліміздің танымал мә­дениет қайраткерлері, ақын-жазушылар мен журналистерінен құралған Қазылар ал­қасы сараптайтын болады.

Байқауға ұсынылған жұмыстар жанрға сәй­кестік, ойлау дербестігі, авторлық ұста­ным, баяндау реттілігі мен мағы­на­лылығы, идея ерекшелігі, әдеби-көркем құн­ды­лығы, көркемдік қиял мен шығарма­шы­лық көзқарас, эстетикалық әсер терең­дігі сияқты өлшемдер бойынша баға­лана­ды. Бұл ерекше байқау, себебі ол жас ав­тор­ларға арналған және бұдан бұрын жа­рияланбаған жаңа туындыларға баға беріледі.

Байқауға ұсынылған туындыларды ба­ғалау әділдігі барынша жетілдірілген. Шы­ғарма лақап атпен қабылданады. Ав­тор­дың толық аты-жөні және өмірбаяны ар­найы бөлек конвертке салынып шығар­ма­мен бірге жолдануы тиіс. Шығармаларды толық сараптап, бағалап болған соң ғана автор туралы мәлімет салынған конверт арнайы комиссияның көзінше ашылып, Қа­зылар алқасына ұсынылады.

Өтінімдер 2016 жылғы 1 шілде мен 1 қа­ра­ша аралығында қабылданады. Шығар­ма­лардың электронды нұсқасын қоса жі­беру қажет.

Әр номинация бойынша таңдаулы деп та­нылған жеңімпаздар 2016 жылғы жел­тоқ­сан айында жарияланатын болады.

Қосымша ақпаратты www.fpp.kz сай­тынан алуға болады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір