ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ
01.04.2026
84
0

Еуразия Жазушылар одағының құ­рылға­нына 20 жыл және Др. Якуп Өмер­о­ғлу­ның туғанына 60 жыл толуына орай ұйымдастырылған

VIII МАХМҰТ ҚАШҚАРИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘҢГІМЕ БАЙҚАУЫ

Тақырып: Еркін

Әңгімелерді жіберудің уақыты: 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданады;

Халықаралық жүлдегерлердің жариялануы: 2026 жыл 1 қарашасында;

Халықаралық марапаттау рәсімі: 2026 жылдың 8 желтоқсанында;

Халықаралық сыйлықтың жүлдесі:

Бiрiншi орын – 45 000 түрік лирасы;

Екiншi орын – 25 000 түрік лирасы;

Үшінші орын – 20 000 түрік лирасы;

Ынталандыру сыйлығы – 10 000 түрік лирасы.

Байқаудың шарттары:

Байқауға жолданатын шығармалар kmahmut2026@gmail.com электрондық поштасына жіберілуі тиіс.

Байқауға ұсынылатын шығармалар бұған дейін ешбір байқауда жүлде алмаған және еш жерде жарияланбаған болуы керек.

Байқауға ең көбі екі әңгімемен қатысу­ға болады. Жіберілетін әр әңгіменің көлемі кемінде 1000 (мың), ең көбі 7500 (жеті мың бес жүз) сөзден тұруы тиіс.

Байқауға электрондық пошта арқылы жіберілетін әңгімелерде тек бүр­кеншік ат (румүз) қана көрсе­тілуі тиіс; бүркеншік аттан басқа қа­­тысу­шының кім екенін білдіретін қан­­дай да бір белгі болған жағдайда, әңгіме байқаудан шығарылады. Әңгіме салынған файлыңызда да тек бүркеншік ат және әңгімеңіздің атауы көрсетілуі қажет.

Байқауға қатысушы жеке куәлігінің көшірмесін, толық мекенжайын, бүркен­шік атын, қатысатын елдің атауын, 1 дана цифрлық фотосын жә­не өмірбаянын бір Word құжаты тү­рінде әңгіме жіберетін э-поштаға сол электрондық хаттың екінші қосымшасы ретінде жіберуі тиіс.

Шығармалар компьютерде 14 шрифт қарпімен жазылуы керек.

Байқауға жіберілген әңгіме мәтін­дері қайтарылмайды, жазушы бұл жөнін­де ешқандай талап қоя алмайды.

Әңгіме түпнұсқа болуы тиіс. Тү­пнұс­қа емес шығармалар (мысалы, AI арқылы жазылған мәтіндер) қаралмайды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір