«ЖҮРЕГІ ЖЫРДАН ЖАРАЛҒАН»
07.10.2016
997
0

Алматы облысының әкімдігі Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі облыс әкімдігінің 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстан халқы тілдерінің айлығы аясында І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Т.Молдағалиевтің шығармашылығына арналған «Жүрегі жырдан жаралған» атты республикалық жазба ақындар мен әншілер байқауын өткізді.

Шараға департамент, басқарма қызметкерлері, аудандық, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлім басшылары, тіл мамандары, зия­лы қауым өкілдері, ардагерлер, мемле­кет­тік тіл­ді оқыту орталықтарының қыз­­мет­керлері, кол­ледж студенттері, БАҚ өкіл­дері қатысты.

Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л.Тұрлашов құттықтау сөз сөйлеп, тіл жанашырла­рын Алматы облысы әкімінің, Қазақстан Рес­публи­касы Мәдениет және спорт министр­лігі­нің, Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс ко­ми­тетінің Құрмет грамотасымен марапаттады.

Облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқар­ма басшысы А.Кендірбекұлы тіл жанашырларына Тіл басқармасының Құрмет грамотасын, М.Ма­қатаевтың шығармашылығына арналған «Поэ­зия, менімен егіз бе едің?» атты облыстық онлайн-мүшәйрасының жеңімпаздарына Тіл басқар­ма­сының Дипломын және қаржылай сыйлықтар та­быс етті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір