«АН АРЫС» ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
30.09.2016
1501
0

14518723_1820446888236607_2097484560_nҚыркүйектің 21-24 күндері Түркменстанның астанасы – Ашхабад қаласында «Кітап – әріптестік пен өркендеу жолы» деп аталатын XI  Халықаралық көрме-жәрмеңке өтті.

Түркмен мемлекеттік баспа қызметі мен Түрк-менстанның сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырған аса ірі ауқымдағы кітап мерекесіне АҚШ, Үндістан, Қытай, Ресей бастаған 30-дан аса елдің баспа-полиграфия өкілдері қатысты.

Көрме аясында ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстел-дер, белгілі ақын-жазушылармен түрлі деңгейдегі кездесулер өткізілді. Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкері Әсел Акпарова бастаған делегация өкілдері Қазақстанның 40-қа жуық баспаларының өнімдерін көрмеге келушілерге таныстырды.

Көрме барысында ұйымдастырылған конкурста үздік баспа өнімдері марапатталды. Түркменстанның Президенті Г.Бердімұхановтың «Түркменстанның дәрілік өсімдіктері» кітабы үшін «Ан Арыс» баспасы (директоры К.Құныпияұлы) «Ең үздік баспаның безендіру» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломды жеңіп алды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір