"Қазақ әдебиеті" — Қазақстан Республикасының әдебиет, мәдениет және өнер газеті. Әр апта сайын, жұма күні шығады.
Газет 1934 жылдың 10 қаңтарынан бастап шыға бастады. «Қазақ әдебиеті» газеті — Қазақстан жазушылар одағының органы ретінде тұңғыш саны 1934 жылдың қаңтарында жарық көрген.
«Қазақ әдебиеті» - газетінің тарихы


Ұлтымыздың көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «…алыс аймақтардағы тұрғындардың мәдени өрлеу ісіне атсалысу» тұрғысындағы түбегейлі тапсырмасын қолдау мақсатында, Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық Балалар мен жасөспірімдер театры – ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен киелі шаңырағымыздың 70 жылдық мерейтойы тұсында көптеген саңлақтарды дүниеге әкелген киелі топырақ – Ақтөбе өңірінің жұртшылығымен дидарласып, шығармашылық жетістіктерімізбен бөлісіп, театрсүйер халқына шоқтығы биік сахналық туындыларымызды паш етпек ойда.





Студия «Team28»