ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ЖАРШЫСЫ
16.09.2016
1949
0

9865120-41 қыркүйек күні ҚазҰУ-дың фило­логия және әлем тілдері факультетінде университет табалдырығын алғаш аттап отырған 1-курс студенттеріне арналған көшбасшылар (лидерлік) дәрісі өтті.  ҚазҰУ-дың «Әл-Фараби» кітапханасында өткен бұл дәрісте білімге құмар жалынды жастарға тағылымы мол ғибратты мағлұматтар берілді.

Дәрісте ҚазҰУ-ды әр жылдары бітірген үздік түлектер жылы ле­­біздерімен бөлісіп, студенттік өмір­­ге деген сағыныштарын жас­­тықтың қызықты оқи­ға­лары­мен сабақтастырды.

Көшбасшылар дәрісі факу­ль­тет деканы, филология ғы­лым­да­рының докторы, профессор Өмір­хан Әбдиманұлының сту­дент­терге арналған ізгі тілегімен бас­талды. Факультет деканы дә­ріс­ке қатысушылардың дұрыс таң­­дау жасағанына және  бола­шақ­қа азық боларлық білім жи­нау­ларына, білім мен тәрбиенің ор­дасына айналған ҚазҰУ өмі­рінің белсенді студенттері болуларына шынайы тілектестігін  біл­дірді.

Нағыз білімді студенттердің алаңы­на айналған ҚазҰУ кі­тап­ханасында өткен бұл жиын өз жал­ғасын «Жалын» баспасының ди­ректоры, қазақ қауымына аса та­нымал қаламгер, «Құрмет», «Па­­расат» ордендерінің иегері, Қа­зақстанның еңбек сіңірген қай­раткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты  Бек­сұлтан  Нұржеке-ұлы­ның тарихи айғақ пен тарихи дәйек­терге толы ғылыми маз­мұны те­рең  дәрісімен ұштасты. Жазушы бұл ли­дерлік дәрістің кітап­хана­да өтіп жатқандығын құптай отырып, жастардың өне­гелі өмір сү­руінің қаруы – кітап оқу және кі­тапхананы күнделікті тұрағына айналдыруы екендігі­нің астын сыза отырып, ерекше атап өтті.

Дәрісті «Қазақ әдебиеті» га­зе­тінің бас редакторы, Ха­лық­ара­лық «Алаш» әдеби сыйлы­ғы­ның лау­реаты, Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері Жұма­бай Шаш­тайұлы жалғастырды. Оқу­ға түсу тауқыметінде кездес­кен жағ­даяттарды баяндап, ұстаз­дар­мен қарым-қатынастағы өте қы­зық тұстары мен естен кет­пес өте қызықты естелік­тері­мен бө­лісіп, тыңдармандарды әдемі әзі­лімен тәнті қылды.

Ал «Асыл арна» телеарна­сы­ның бас директоры, ақын, «Дарын» мем­ле­­кеттік жастар сый­лы­ғының, Қазақстан Жастар одағы сый­лығының иегері, Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген қайраткері Мұ­хаметжан Ораз­байұлы Тазабеков имандылықтың алтын дің­гегі адами парасаттылық е­ке­нін салиқалы да салмақты ойларымен айшықтады.

«Атаңның баласы болма, адам­ның баласы бол» деген ха­кім Абайдың философиялық тұ­жырымымен ұштастыра отырып, отбасылық тұлғадан гөрі қо­ғамдық тұлға болудың маңыз­ды­лығын өмірлік мысалдармен са­ралап өтті. Дәріс оқушы бүгінгі заман жастарының, технология дәуірі жастарының ақпараттық әлем­де өздеріне қажетті білімді таң­дай алуларын, ал әлеумет же­лі­леріндегі ақпараттар тас­қы­ны­ның қажеті мен зиянын ажырата білудің маңыздылығын дәйектеп көр­сетуі дәріске қатысу­шы­лар­дың үлкен қызығушылығын тудырды. Студент кезде таңдаған ма­ман­дығының әрбір қырын меңгеруге уақытты көп бөлудің, ешбір істі кейінгі күнге қалды­рып, опық жемеудің маңыз­ды­лығын да әдемі сөз өрнектерімен шебер бейнелеп берді.

Студенттік күндеріне табандап қалған жас білімгерлерімізге арналған конференция Жалпы, тіл білімі және еуропа тілдері ка­фед­расының меңгерушісі, фи­ло­логия ғылымдарының докторы, профессор Мадиева Гүлмира Баян­жанқызының, Орыс филологиясы және әлем әдебиеті ка­федрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Жолдасбекова Баян Өмірбекқызының, Қазақ әде­бие­ті және әдебиет теориясы ка­фед­расының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, про­фессор Темірболат Алуа Бе­рік­байқызының, Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, фи­лология ғылымдарының кандидаты, доцент Ақымбек Съезд Шар­дарбекұлының ғылыми-ин­новациялық  жоғары деңгей­дегі дәріс үлгілерімен және құт­тық­­тау жылы лебіздерімен жалғасты.

Дәрістің есте қаларлық ерекше тұстарының бірі – Шет тілі ка­фед­расының меңгерушісі, фи­ло­ло­гия ғылымдарының кан­ди-да­ты, профессор Молдағалиева Ай­­­жан Айдынғалиқызының ағыл­­шын тіліндегі құттықтау сө­­зін дәріске қатысушы бірінші ку­рс студенттерінің лезде сөзбе-сөз аударды. Сөйтіп, бүгінгі зама­науи жас­­тардың бірнеше тіл білу дең­гейлерінің жоғары екені­нің куәсі болдық.

Ал Шетел филологиясы мен ау­дарма ісі кафедрасының мең­геру­шісі, филология ғылымдары­ның кандидаты, доцент Карагойшиева Данель Алмабекқызының ағыл­шын және неміс тілінде мү­дір­мей дәріс оқуы «Жеті жұрттың ті­лін біл, жеті түрлі ілім біл» деген бабалар сөзінің айқын дәлелі болды.

Филология және әлем тілдері оқы­тушы-профессорлар құра­мы­ның бірнеше тілді меңгергені, кәсіби біліктіліктерінің жоғары екендігіне дәріске қатысушы бі­рін­ші курс студенттері шынайы тән­ті болып, сапалы білім алып, тәуел­сіз Қазақ еліне қызмет ете­тіндеріне сеніммен қарап, қа­наттанып қайтты.

Себебі, ҚазҰУ – білімнің қа­ра шаңырағы! ҚазҰУ – жарқын болашақ жаршысы!

К.КҮРКЕБАЕВ,
Филология және әлем тілдері факультеті деканының ғылыми-инновациялық және халықара­лық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары.

 

 

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір