БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛМАҚ
16.09.2016
1018
0

20160908173537ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Катар мемлекетінің Доха қаласына жұмыс сапарымен барып, Білім министрі Мұхаммед әл-Хаммадимен жүздесті. Кездесу барысында ҚазҰУ мен Катардың жоғары оқу орындары арасындағы серіктестік мәселелері талқыланды.

Іссапар аясында Катар уни­верситетінің президенті Хасан Дерхаммен кездесіп,  академия­лық ұтқырлық, бірлескен ғы­лы­ми-зерттеу жұмыстарын ұйым­дастыру және тағылым­дама­дан өту мәселелері бойынша тікелей әріптестік орнату тақырыбында әңгіме өрбіді. Жақын арада екі жақ  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ негізінде Қазақстан-Катар ғылыми білім беру орталығын ашу хақында өзара ынтымақ­тастық туралы келісімге қол қоюға уағдаласты.

Сондай-ақ, Ғалым Мұтанов халықаралық танымал «Qatar Foundation» қорының құрамына кіретін Шейх Хамад бен Халиф атындағы университет пен «Carnegie Mellon» университеті нысандарын аралады. Аталмыш оқу  ордалары мен қор басшы­лы­ғы өздері басқарып отырған ме­ке­­менің қызметімен таныстырып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен әріптестік орнатуға ниетті екендерін жеткізді. Хамад бен Халиф атындағы университет президенті Ахмад Хасна ислам­дық қаржыландыру мен аударма ісі салаларында ҚазҰУ-мен бірлесе отырып, білікті маман даярлау туралы айтса, Катар уни­верситетінің президенті Хасан Дерхам университетпен бірлескен ғылыми-инновация­лық ортақ жобалар әзірлеп, Катар қорының қаржыландыруына ұсыну мүмкіндіктерін қарас­ты­руға дайын екендігін айтты. Кездесуде ислам өркениетін, араб тілі мен әдебиетін, мә­де­ние­тін, тарихын ғылыми  тұрғы­да зерттеу, исламдық білім беру са­ласында білікті мамандар дайындау және жаңа ғылыми инно­ва­ция­лық бағыттарда ортақ жобалар әзірлеу, Катар уни­вер­си­теттерінің профессорларын ҚазҰУ-ға шақыру мәселелері де сөз болды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір