ӘУЕЗОВ ЖОЛЫ – РОМАН
09.09.2016
1926
0

rro«Әзелгі мұратынан айнымайтын әдебиет» өрісі уақыт озған сайын түрленіп, бірде көк майса, шұрайлы, отты алқапқа айналса, бірде жаңбырға сараң жаз көрінісіндей қуаң тартып, топырағы шыққан шөлейт жазыққа ұқсап қалып жатқандай. Әр жерде тіршілікке ұмтылған, жеміс беруге талпынған әрекеттер байқалғанымен, мәуесі мол жеміс иесі жоқ.

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ

 

Құлашы кең, бір сызықтың бойы­мен-ақ  айналасындағы дү­ние құ­былысының бәрін қамты­ған, бір адамның тағдырына, жан әле­міне үңіліп, күллі адамзаттық бі­тіс­­пес сұрақтардың жауабын табу­ға талпынған жазушылық ин­­­­­­­туиция да бір сәтке қалғып кет­кендей. Нарық, капитал деп жан баққыш, мал тапқыш қимыл­дар­дың арасында мүлгіп қалған жазу­шы жанын түртіп оятып жіберетін қан­дай күш керектігін дәл бүгін айту, табу қиынның қиынына ай­налды. Бүкіл халықтық болмысты көрсететін заманымыздың типтік кейіпкері неге жоқ деген сұрақтың шыққанына да қырық жылдай уақыт болыпты. Ал оның жауабын «кейіпкер жоқ» деген құтылу үшін айтылған өтірік сөзбен қайтара алмасымыз анық. Абайын жазу ар­қылы бір дәуірдегі қазақ тұр­мы­сын, мінезін, жанын күллі әлемге жайып берген Әуезовтей, Қоспан тағ­дыры арқылы құл боп өз де­ге­ніңе жете алмайсың деген бос­тандық тақырыбын қайыра кө­тер­ген Ахтановтай, балықшылар өмі­рі арқылы қазақ даласының Қа­зан төңкерісіне қалай келгенін су­реттеген Нұрпейісовтей, би­леу­ші мен кіші ханымның ара­сын­да­ғы сезім арпалысы арқылы адам жа­нының терең психологиясын ас­қан шеберлікпен жеткізген Ке­кілбаевтай үлкен шығармалар жазу­ға бүгін мобилді заман ғана ке­дергі ме? Гонорары мол болды де­ген сол өткен уақыттарда ірі кейіп­керлер мен ұлы әңгіме жаз­ғандардың бәрінің қағанағы қарқ, сағанағы сарқ болды ма? Неше қуғын көріп, өмірінің соңғы жылдарына дейін тыныш өмір сүре алмаған Әуезовтен бір «Абай жолынан» бөлек елу томға жуық ең­бек қалмады ма?! Жарықтық Әбіш Кекілбаев, ақсақал Шерхан Мұр­тазалар өмірбаяндық жаз­ба­ла­рында күні бойы партия қыз­ме­тінде болып, түні бойы жазумен ай­налысқандарын айтпай ма?! Осылардың бәрі сол кездегі тапқан дү­ниелеріне малданып, әлде жұ­мыс­тан шаршағандарын себеп етіп, жазбай қоюларына әбден бо­лар еді ғой. Бірақ олар не үшін жаз­ды? Өздерін жазушы сезінген­дік­тен болар. Бәлкім, «біз жаз­ба­сақ…» деген асқақ мұраттың жете­гін­­де жүрген шығар. Қалай де­­ген­­мен де олар жазушы боп ту­ған­дар еді. Бүгін өзін жазушымын деп есептейтін қаламгер қауым неге құлашты дүние жазбайды? Қайда сол асқақ мұраттар?

Әдебиетке өлең де, әңгіме де, по­весть те, пьеса да – бәрі керек. Бәрі әдебиеттің бір-бір бөлшегі. Бі­рақ өзге ұлттардың әдебиетімен бә­секелесу үшін ең алдымен же­тек­ші жанр – роман жазылуы керек. Және оның көлемі де, кейіп­ке­рі де ірі болуы шарт. Адам са­­­­на­­сының балаң кезі деп есеп­телетін адамзат тарихының ал­ғаш­қы кезеңдерінің өзінде мифтік аңыздар  мен  мифологиялық ер­те­гі­лер рухқа азық болды. Грек­тердің «құдайларымен», «құдай­тектес» ба­тырлары туралы әф­сана­лар, ежел­гі қытай аңыз­дары, жезтырнақ пен жалғыз көзді дәулер кейіпкер болған фоль­­-
­­к­лорлық шығармалар, одан класси­ка­лық ертегілер етек алды. Ежелгі эпостар классикалық эпос­тарға ұласты. Заман өте келе ол эпос­тардың өзегінде тарихи оқи­ғалар мен нақты кейіпкерлер тұр­ды. Гильгамеш аты Уруг әуле­ті­нің генеологиялық тізімінде ұшы­­рас­са, эллиндер «Одиссеяны» ой­дан шығарылған, «Илиаданы» бол­ған оқиға санапты. Үнді, армян эпос­тарының, орыс были­на­ла­рының ар жағында нақты тарихи оқиға­лардың жатқанын та­­­­рих­­­шылар дәлелдеген. «М.Әуе­зов пен А.Н.Бернштам «Манас» жырын қыр­ғыздардың 840 жылғы Бес­ба­лыққа жорығымен байланыстырса, ХVІ ғасырда жарық көр­ген пар­сылардың тарихи жи­нағында Ма­нас Тоқтамыс ханның бас ба­тырларының бірі деп көр­сетіліпті». Қобыланды батыр да Ақжол мен Алшағыр биді өлтірген Әбілқайыр Шайбанидың бас сардарларының бірі делінеді. Тарихи фактіден гөрі эпостық поэтика­ға басымдық берілген осы шығар­малардан үлкен оқиғалардың ірі көлемді қажет ететінін аңғара­мыз.

Жазу-сызу ерте қалыптасқан қы­тай, жапон әдебиетінде әр оқи­ғаны ежіктеп баяндайтын романдар әлдеқайда бұрынырақ жазылды. Антикалық романдардан кейін рыцарлық романдар, одан ға­шықтық оқиғаны желі еткен фран­цуздардың куртузиандық ро­мандары алға озып отырды. Одан жеке адамдардың өмірімен жа­зылған тұрмыстық-әлеуметтік романдардың көші басталды. Осы көлемді шығармалардың тарихын Әуезов туралы мақаласында түп-тұқиянымен тарқататын Әбіш Ке­кілбаев: «Алайда, кейін адам­дар­­дың мінез-құлқы мен әлеу­мет­тік болмысын реалистік тұрғыда тип­тендіруді бірінші болып қолға ал­ған ағылшын Филдинг пен Т.Смол­лет, адам тағдырын тарихи оқи­ғалармен астастыра суреттеуді бастаған ағылшын Вальтер Скотт болды.

Адамдардың жан дүниесі мен қоғамдық  эволюцияны өзектес­тіре зерделеуде үңгіме психологизм мен қазбалама әлеуметтік талдауды үйлестірудің не тамаша үлгісін  француз Стендаль, Г.Флобер, Г.Мо­­­пассан, О.Бальзактар көр­сет­ті. VII ғасырдан бастап авантю­ра­лық романды, XVIII ғасырдан бастап тұйық романды жете мең­герген неміс әдебиеті роман жанрында оза қимылдаған француздар мен ағылшындарға тек XX ға­сыр басынан, С.Цвейг, Э.Ремарк, Л.Фейхтвангер, Генрих және Томас Манндар шыққан соң ғана барып, азулы бәсекелес бола алды. Прозаны Эллададан елден бұрын үйренген итальяндар тек XX ға­сыр­да ғана еуропалық романда өздеріне лайық орындарға ие бола бастады. Әлемдік прозада XX ға­сыр­дың басынан оза шауып, бәйгі алған үздік құбылыс – сол­түстік америкалық, екінші жартысынан бастап – латын­америка­лық  роман дәуірледі. XIX ғасырда осындай тең­десі жоқ қарқындауды орыс про­засы көрсетіп еді. XVIII ға­сыр­да М.Чулков, А.Измаилов, В.На­рож­ныйлардың шәкірттік жат­тығуларынан тұратын олпы-солпы орыс прозасы XIX ғасырда Н.Гоголь, И.Тургенев, Ф.Достоевский, Л.Толстой, А.Чехов, И.Бу­нин­дерді бі­рінен соң бірін жар­қыратып шы­ғарып, көз жеткізбес биіктік пен қашықтыққа көз ілеспес жыл­дам­дықпен шығандай озды. Бұл – көр­кемөнердегі, оның ішінде, әде­биеттегі шарықтай өсуді ұзақ уақыт емес, бірден биік­ке сермеп, терең бойлап, кеңінен қамти алатын құдіретті таланттар жүзеге асы­ратынын даусыз дә­лелдеп бер­ді», – деп жазады.

Осы сөзден-ақ бір ұлттың әде­биеті екінші ұлттың  әдебиетінен тек ірі жанрлар  арқылы озатынын аңғартпай ма?! Өткен күннің бір бел­гісін де эпос, дастан, жырлар жет­кізгені, әне. Әлде, біз сондай үл­кен таланттарға кенде болып жүр­міз бе екен?..

Роман жанрының көлемін қыс­қарту керек деп қайта-қайта ай­тып, онысын жазуымен де дә­лелдеп жүрген қаламгерлердің кейіп­керлері тым болмаса үлкен мәселемен тұлғаланып шыға алмай келеді. Бүгінгі күні қысқа жа­зылған романдардың ішіндегі оқи­ғалар да ұсақ-ұсақ бөлшектен тұ­ратын – пазл. Ондай үлкен кейіп­керлердің жазылмауы адам са­насына дүмпу туғызатын ірі оқи­­­ғалардың болмауымен де, за­ман­ның жеделдеуімен де, на­рық­­тануымен де байланысты емес. Же­ке  адамдардың тағдырына, же­ке отбасылардың, тайпалардың өмі­ріне үңілу арқылы тіршілікте бо­латын сан түрлі жағдайлардың ше­шімін айтқысы келген, айтқан шығармалардың да жазыла бас­та­ғанына неше ғасыр болды.

«Шұғаның белгісі», «Қараш-қа­раш оқиғасы» арқылы-ақ дүние­ге деген көзқарасты үлкен эстет ре­тін­де суреттеп берген қалам­гер­лер­дің қарымын  уақыт тұрғы­сы­нан біріктіріп қарағанда бүгінгі қазақ жазушысының білім жа­ғы­нан да, жазушылық жағынан да көп кенжелеп тұрғанын аң­ғара­сың. Басқа ұлт қаламгерлерінің бәрі дәл біз­дікіндей жаза алмай қалған жоқ. Америкалық, ұлты ауған Холед Хос­сейнидың сұра­нысқа ие боп отыр­ған үш романы да миллион­даған тиражбен әлемге тарап жатыр. Ал оның романдары біздікі­нен әлдеқайда көлемді. Орхан Памуктың «Менің атым Қызылы» да, «Стамбул естеліктер қаласы» да әлемдік кітап саудасында ал­дың­ғы орындарда. Мә­селе тек кө­­лемде емес екені айтпаса да тү­сі­нікті. Біз қасақана кө­лемді кі­шірейту керек дейтін жандарға айтар сөзіміз бұл. Және Орханға Нобель сыйлығы тек түріктерді әлем­ге масқара еткені үшін ғана бер­ді деген қасаң түсінікке да қар­сы­мын. Кей әде­биетшілер ро­ман­дардың жазылмай жатқанын ғы­лым­мен байланыстырады. Ғы­­лы­мы дамыған ұлттың әдебиеті де озық деген пікірді олар да өз­де­рін­ше дәлел­дейді. Сөздерінің жа­ны бар. Орхан Памук – сурет өне­рінің керемет білгірі. Ол тек әде­биеттен ғана емес, сурет өне­рінен де лекциялар оқиды. Шығыс тарихын, әдебиет, дін тарихын жақсы білетін ол өзінің шығарма­ла­рында да соны еркін пайдаланды. Және оны эстетикалық тал­ғам­мен де қа­былдай алды. Егер кө­лемді дүние оқылмаса, осы жа­зу­шылар неге оқылымды? Бүгінге дейін жазыл­ған әлемдік класси­калық романдар да бүгін оқылып ке­леді. Толстой, Достоевский, Фолк­нер, Әуезов, Ахтанов, Соқ­пақ­баев, Нұрпейісов, Мұратбеков, Маркес, Оэлер көлемді жазғаны үшін бүгін оқылмай қалды ма? Оқыл­ды. Оқыла да бермек.

Кей жазушылар өздерінің құ­лашты шығарма жаза алмайтындарын: «сылдыр сөзі көп, сапасы сын көтермейтін том-том кітап кім­нің өлшемі болып еді?» деп кем­ші­ліктерін жауып-жасырғысы ке­ле­ді. Том-том кітаптардың бар­лығы сылдыр сөз емес екендігін ес­кере отырып, өздерінің әңгіме, не повестке ғана шаба алатын жүй­рік екендерін айтса жеткілікті емес пе?!

«Неге роман жазылмай жатыр? Жазылып жатыр ғой» деп тарихи ро­мандарды алға тартатындар да та­былады. Тарихи роман өзі желі етіп отырған сол оқиға үшін жазылмауы керек. Фактілер мен даталарды тізіп айтуды мақсат еткен та­рихи шығармалардың заманы өтті. Адамдардың тағдырынан оңай аттап кететін эпизодтарды, та­рихта болған сол оқиғаларды нақпа-нақ білу үшін әдеби шы­ғар­маны оқығаннан гөрі құжаттарды оқыған артығырақ. Адам жанын толқытпай, құжат негізінде зуылдап өте шыққан шығарма роман ба? Онда толқу, сонда психология­ны оқырманына сезіндіру болмаса, құр диалогтардың үйіндісі болып шықпай ма? Тарихи роман тек өткенге көз жүгірту емес, бабаларымыз құндылық деп сезінген дүниелерді ұмытпай, соны қайта жаңғырту.

Бізде жазылып жатқан тарихи шы­ғармалардың жаппай оқыл­мауы­ның бір себебі – ортақ кейіп­кер­дің жоқтығы. Фактілердің, тауып айтқызған шешендік сөз­дердің жиынтығы болғандығы. Әркімнің өз атасын дәріптеп, оны күллі  қазақтың  қайраткері қылу­ға талпынуынан. Бұл – «әдебиеттің әзелгі мұратынан айнығандығы».

Үлкен ой үлкен шығармалар ар­қылы айтылады. Әрине, тала­суға болады. Бірақ әңгімелерінен-ақ ірі кейіпкерлер сомдай алған алапат дарын иесі болмағаннан кейін де әлдене деудің өзі қиын. Поэ­зия жанры да күйді бастан ке­шіріп отыр. Поэма жаза алатын тынысты ақындардың күрт азайып кетуі де ойланатын мәселе.

Бір кездері Ілияс, Мағжан, Қа­сым, Мұқағалилардың саф поэ­ма­ла­рындай жаратылыстың әр түйі­рі­не, өмірдің әр бұрылысына, уа­­қыт­тың безбеніне асқан мұ­қият­­­тылықпен үңілген фило­со­фиялық ойлау, суреткерлік көру жетіспей жатқаны анық сезіледі. Осының  бәрі  көлемнен, ескілік­тен қашудан бұрын, форма таба алмау­дың салдары сияқты. Ізде­ністің аздығыннан болса керек.

Қазақ әдебиеті үлкен талант ие­леріне кенде болмаған деп жата­мыз. Үлкен шығарма тумаған осы уақыт аралығын «дауыл алдын­да­ғы тыныштық» дегенімізге де бі­раз болыпты. Көлем қумай да, одан қашпай да жанр табиғатын се­зініп, өзіне лайық қалыпта жа­зылған шығарма болғаны әде­бие­тімізге олжа. Бір заманның кел­бе­тін әңгімемен де жазуға болады. Бірақ әңгімеден ірі кейіпкер жасау қиын. Жақсы әңгіме жазудың өзі оңай емес екені түсінікті.

Жазушылардың бір жақсы ро­ман жазуға неге талпынатыны осы­дан шығады. Өз заманының ай­на­сын жасау. Қазақ  әдебиетінде алғаш то­лық романға татитын шығар­маны жазған кемеңгер Әуезовтің үміті тек Тахауилар ғана ма еді? Роман-эпопеясында Дәр­меннің: «Ол дәндерің өлген жоқ! Көгеріп көктеп келеді…» деген сөзі автор­дың да ұрпақтан күтер үлбі­реген үмітіндей-ау. «Абай жолына, Әуе­зов жолына адал болайық» де­ген сөздің төркінінде роман жазу да жатқан шығар, бәлкім.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір