"Қазақ әдебиеті" — Қазақстан Республикасының әдебиет, мәдениет және өнер газеті. Әр апта сайын, жұма күні шығады.
Газет 1934 жылдың 10 қаңтарынан бастап шыға бастады. «Қазақ әдебиеті» газеті — Қазақстан жазушылар одағының органы ретінде тұңғыш саны 1934 жылдың қаңтарында жарық көрген.
«Қазақ әдебиеті» - газетінің тарихы


Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Ислам-Ғали Үркімбайұлының «Алтын кездік» атты жаңа кітабы «Хантәңірі» баспасынан жарық көрді. Бұл өлеңдер жинағында ақын табиғат, туған жер, адам, қоғам арасындағы байланысты үздіксіз желі етіп тартып, өмірдің өнегелілік өлшемдерін сөз етеді. Автор адамзаттық құндылықтардың мәнін ашу үшін оны деректі ұғымдармен салыстыра жырлайды. Өзінің ақындық кредосын, адамдық асыл қасиетін, азаматтық парызы мен қарызын өзі анықтап бергендей әсер етеді.





Студия «Team28»