«АТАМҰРАНЫҢ» АЛМАТЫДАҒЫ 3-ШІ КІТАП ҮЙІ…
Таяуда «Атамұра» корпорациясының Алматы шаһарындағы 3-ші кітап үйі ашылды. Су жаңа кітап үйі Сейфуллин – Молдағалиев көшелерінің қиылысында орын тепкен.
Осы орайда, белді баспа еліміздің барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларында 50-ден астам кітап үйі бар екендігін айта кеткен жөн. Алып корпорация Ұлы Абайдың қазақ, орыс тілінде қатар шыққан «Қара сөзі», «Атамұра кітапханасы», «Менің тұңғыш кітабым», «Мектеп энциклопедиясы», «Қазақ есімдері», «Қазақы дастарқан», «Қазақ тазысы», «Қазақстан тарихы», «Қазақтың әндері», «Ою-өрнектер» секілді баспа өнімдерімен қатар, сан түрлі жанрдағы кітаптарды басып шығару ісін мықтап жолға қойған-ды. Қазақ руханиятына елеулі үлес қосып келе жатқан баспаға сәттілік тілейміз!