ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢЫ
26.08.2016
1850
0

НотаӘні мен өлеңі:

Әлімжан Дәуітұлынікі.

А-а-а-а-а-ау,

Ұлы Дала елінде,

Жетісудың жерінде,

Алматының төрінде,

Жеңіс Туы желбіреп,

Желтоқсанның желінде!

Алатаудың көгінде,

Алатаудың көгінде!

 

Қайырмасы:

А-а-а-а-а-ау!

Тәуелсіздік –таң нұры,

Егемендік – ел жыры.

Азаттығым – Ай-Күнім,

Қазақтығым – Айбыным!

Ғажапстаным қарыштап,

Алды Ғарыш айдынын,

Алды Ғарыш айдынын!

 

А-а-а-а-а-ау!

Барыс жылдың қысында,

Шыдамай зор қысымға!

«Брежнев» атты алаңда,

Ұрандады жас қыршын:

«Ақ ниетті адамдар,

Өзін-өзі басқарсын!

Өзін-өзі басқарсын!».

 

Қайырмасы:

 

А-а-а-а-а-ау!

Мәртебелі Мәмлегер –

ТМД Декларациясысың!

Қайраткер һәм Кемеңгер –

Даңқ Дипломатиясысың!

Алматым – бастапсың шын!

Алтын ұя – асқақ тұрсың.

Алтын ұя – асқақ тұрсың!

Қайырмасы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір