МУЗЫКА ФЕСТИВАЛІ
21.08.2016
1325
0

965320745120Алматы қалалық Мәдениет басқармасының қолға алуымен Республика сарайында «Марко Поло ізімен» атты халықаралық дәстүрлі музыка фестивалі ұйымдастырылады.

Орта ғасырларда Азия туралы аса бай географиялық және тарихи мағлұматтар қалдырған Италия саяхатшысы Азия даласын ара­­лаған сапарында Азия ел­де­рі­нің дәстүрлі музыка өкілдерімен де кездескен. Армения, Иран, Қы­тай, Қазақстан, Моңғолия, Үн­ді­стан, Индонезия және басқа ел­дер­ді аралап,  жергілікті жұрт­­шылықтың музыкалық шығармаларын аса қызығушылықпен тыңдап, әсер­лерін жазып отырған.

– Этникалық  жоба Еуропа мен Азия елдерінде кеңінен танымал. Идея авторы әрі жобаның көр­­кем­дік жетекшісі Франция аза­маты Алан Шарльз Серж Вебер, көр­кем­дік кеңесші Судабэ Киа, ком­по­зитор Греция музы-канты Калаит­зидис Кириякос. Фестиваль осы­ған дейін Тунис, Ливанда жү­зеге асса, Азия елдері­нің ішінде бі­рінші рет Алматы қаласында ұйымдастырылып отыр. Ғасырлар қойнауынан бас­тау алатын азия­лық өнер мере­ке­сіне әлемнің түк­пір-түк­пірі­нен дәстүрлі орын­даушылар және музыка зерт­теу­шілері шақы­рыл­ған. Қазақстан­ның, Иранның, Үндістанның, Армения, Әзірбай­жан, Гре­кия­ның және қонақ есе­бінде Франция, Швейцарияның танымал музыканттары Алматыға жетіп үл­герді. Қазір қызу дайын­дық  үс­тінде. Н.Тілендиев атын­дағы ака­де­миялық фольклорлы-этно-гра­фиялық «Отырар сазы» ор­кестрі мен әр елдің дәстүрлі орын­дау­шы­ларынан құрылған оркестр және жеке орындаушылар өнер көрсетеді. Сценарий желі­сін­де ита­льяндық саяхатшы Азия са­пары туралы әңгімелейді. Бұл рөлді Қа­­зақстанның  халық артисі, Мем­­лекеттік сыйлықтың иегері Тұң­ғышбай Жаманқұлов сомдай­ды.

Бір айта кетерлігі, басқа елден бір-бір орындаушы келсе, шара өз жерімізде өтіп жатқандықтан, біз­дің мемлекет атынан қатысатын ар­тистер саны көбірек. Мәселен, қо­бызшы Саян Ақмолда, сыбыз­ғы­шы Талғат Мұқышев, күйші Ба­­тыржан Мықтыбаев және жыршылар атынан өзім өнер көр­се­те­тін боламын, – дейді жыршы Ұл­жан Байбосынова.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір