«АСТАНА ОПЕРА» МУЗЫКА ФЕСТИВАЛІМЕН АШЫЛАДЫ
12.08.2016
1217
0

Театр«Астана Опера» театрының кезекті IV маусымы III Халықаралық «Жібек жолы» музыка фестивалімен басталмақ.  22 қыркүйек күні театрдың үлкен зал сахнасында III Халық­аралық «Жібек жолы» музыка фестивалі басталып, 15 қарашаға дейін жалғасады.  Фестивальге Австрия, Италия, Жапония, Корея, Ресей, Беларусь, Украина және тағы басқа елдерден әйгілі  өнерпаздар келеді деп жоспарланған. Фестиваль бағдарламасына сәйкес  ең алдымен Қазақстандағы музыка өнерінің жауһары – «Абай» операсы қойылады.

«Баттерфляй ханым», «Богема» опералары мен «Бақшасарай бұрқағы» балетінде беларусь әртістері өнер көрсетеді. Украиналықтар «Травиата» спектакліне дайындалуда. Италиядан келетін маэстро Джузеппе Акуавива Үлкен зал сахнасында өтетін итальяндық опералардың біріне дирижерлік етеді. Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумының аясында Карл Орфтың ең танымал шығармасы «Кармина Бурана» орындалады. Спектакльдермен бірге бірқатар гала-балеттер мен гала-концерттер де қойылып, «Астана Опера» театрының дирижерлері, әншілері, хор және симфониялық оркестрі, сонымен қатар, Италиядан келген әртістер өнер көрсетеді. Аты аңызға айналған әнші, КСРО-ның халық әртісі Ермек Серкебаевтың 90 жылдығына арналған «Төбемдегі көк аспан» концерті ерекше маңызға ие. III Халықаралық «Жібек жолы» музыка фестивалі аясында барлығы 22 қойылым көрермендер назарына ұсынылмақ.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір