Жарнама құрбаны болмайық
28.08.2026
47
0

Интернет-алаяқтықтың ең көп таралған түрі – интернет-дүкендерде немесе хабарландыру сайттарында тауар сату туралы жарнамаларды орналастыру.

Әдетте, алаяқтар өз құрбандарын ұсынылып отырған тауар немесе қызмет үшін төмен бағамен қызықтырып тартады; бұл ретте олар жеделдік, сатып алу бағасының төмендігі, қалған тауарларды жаппай сату сияқты себептерді алға тартады.
Сатып алушылардан қаражатты электронды әмиянға немесе банк картасына аудару арқылы алдын ала немесе толық төлем жасау сұралады.
«Сатушы» бірнеше күн бойы тауар­ды жедел жеткізуге уәде бергенімен, ақыры ізім-ғайым жоғалып кетеді. Әдетте, мұндай алаяқтық схемаларында үшінші тұлғалардың атына тіркелген электронды төлем жүйелері мен банк карталары пайдаланылады. Қазіргі таңда елімізде құқық қорғау органдарында онлайн-алаяқтықпен күресу мақсатында алдын алу жұмыстары жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері онлайн-алаяқтықпен күресу мақсатында ауқымды алдын алу шарасын өткізіп, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, алаяқтарды қалай тануға, сондай-ақ қаражат пен жеке деректерді қалай қорғауға болатыны жөнінде кеңестер қамтылған ақпараттық парақшалар таратты.
Полиция ескертеді: SMS-кодтарды, банк картасының деректерін немесе құпия сөздерді ешкімге бермеңіз, күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және беймәлім қосымшаларды орнатпаңыз.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір