ҚАЗАҚ ЕЛІ – МӘҢГІЛІК ЕЛ
Өлеңі мен әнін жазған
Яһуда АМАНДЫҚОВ
Қасиетті Қазақтың кең даласы –
Бар түрікке енші берген Анасы.
Атажұртта Ақ Ордасын ұстаған,
Алаш тулы Ер Қазақтың баласы.
Қайырмасы:
Қазақ елі – мәңгілік ел!
Сән-салтанат құрамыз.
Күншығыста,
Нұрлы тұста,
Шыңға біткен шынармыз.
Даңқы асқан,
Қазақстан –
Біз әлемге шығамыз.
Көкте жанып,
Күлім қағып,
Күнмен қатар тұрамыз.
Болашақта бейбіт еркін беттейміз,
Жалған дінге жолдан тайып кетпейміз.
Ұлан-ғайыр Ұлы Дала иесі,
Ұланасыр өркен жайып көктейміз.
Қайырмасы:
Біздің байтақ туған елге нұр тасыр,
Дәулеті мен сәулетіне жыр тасыр.
Айы оңынан абаттанып Қазақтың,
Күні туған алтын ғасыр – бұл ғасыр!
Қайырмасы.