Оңалту орталығының құрылысы басталады
02.06.2026
48
0

35 жылдан бері асырауында балалары бар мүгедек аналардың балаларының жоғары білім алуымен айналысып келе жатқан «БИБІ-АНА» қайырымдылық қорының президенті,көрнекті жазушымыз Бибігүл Иманғазина соңғы жылдары күн сайын өмірге келіп жатқан мүгедек балаларға арналған орталық салдыруды өзінің мойнына алған болатын.

Мүгедек балалар орталығының жобасына тапсырма беру үшін бірнеше шетелдермен қарым-қатынаста болып, оны жасайтын мамандармен күн сайын кездесіп, ақыры
1 800.000.000 тұратын жобаның дайын болғанына үш жыл өткен болатын.


Енді осы жоба бойынша Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында мүгедек балаларды Оңалту орталығының құрылысы жақында басталады.
Бибі-Ана өзі қайырымдылық жасап жүрген жүздеген адамдармен бірінші рет кездесіп, олардың алғысына бөленіп, марқұм әкесі мен анасына ас беріп, Құран бағыштады.
Осыдан отыз жыл бұрын мүгедек балаларға шығарылған «емі жоқ ауру» деген солақай үкімді мойындап, көз жасын көлдетіп жүрген аналардың рухын көтеріп, «Алла ауруды бергенде оның емін қоса береді, ал ол емді іздейтін сіз бен біз» деген сөзіне жұртшылықтың сенгенін өз көзімен көріп қайтты.
Өзінің жеті жылдық еңбегіне жан бітіріп жатқан еліміздің президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына және президенттің тапсырмасын мүлтіксіз орындап жатқан Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров мырзаға Бибі-Ананың алғысы шексіз…
«Қазақстанның барлық ауданында мүгедек балаларға арналған орталық салынбайынша және ол орталықтың ішінде білікті дәрігерлер жұмыс істемейінше балаларды күніне он рет Америкаға апарып келсе де, оларға еш пайда болмайды! Олар орталықта тапжылмастан, арасына күн салмай емделіп, дәрігердің бақылауында болуы керек. Оларды сол орталықта мектепке дайындап, адаммен араласуды, музыка тыңдауды, мүмкіндіктеріне қарай спортпен айналысуды, сурет салуды үйрету қажет. Мен олардың барлығынан композитор жасайын деп армандамаймын, әрине, олардың ішінен талантты балалар шығатынына да сенімім мол. Менің қолыма алып жатқаным бастамасы ғана. «Өзімізді өзіміз өзгерту» дегенді осы мүгедек деген аттан періштелерімізді құтқарудан бастайық», – дейді Бибі-Ана.
Осы сапар барысында жазушы Бйбігүл Иманғазина өз оқырмандарымен кездесіп, шығармашылығы жөнінде әңгімелесті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір