СЕНІМ ЖҮГІ
24.06.2016
1699
0

IMG_6516Рахым БАЛАБИЕВ

КӨКТЕМ ШАҚЫРАДЫ

 

Табиғаттың құшағы сыйымды еткен,

Ерте шықты ерекше биыл көктем.

Жайнақтаған көшеде қыз-келіншек

Kүмic күлкі, шаттықтың күйін  шерткен.

 

Өрік гүлдеп бақшаға сән береді,

Жаныңа да шипалы нәр береді.

Терезенің тұсынан құстар сайрап,

Сүйіншілеп тұрғандай әлденеді.

 

Қаңтар, ақпан қыстың сынағы еткен,

Наурыз туып көңілді шуақ еткен.

Тал біткендер киініп жасыл шапан,

Нұрландырды нұрымен мына көктем.

 

Ұнап жатса саябақ күлкісімен,

Оянғандай ормандар жыл құсымен.

Көктем жайлы шынайы сыр шертеді,

Әңгімелеп сөйлессең бір кісімен.

 

Келді мінe, күлімдеп март мерекем,

Тасығандай ырысым, бақ берекем.

Көзің түссе ойыңның алаңына

Шынықтырып жатқан да бапкер екен.

 

Көктем деген шырайлы жауынымен,

Қараша үйлер көрікті сауынымен.

Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу,

Малшы қауым, мәз-мәйрам ауылымен.

 

Бәйшешектер желбіреп қыраттардан,

Қарт Қаратау ерекше сыр ақтарған.

Жер қыртысы сөгіліп, шабыттанып,

Сылдырайды мөлдір су бұлақтардан.

 

Еселі еңбек арттырып, ырысыңды,

Таза ауа да кеңейтер тынысыңды.

Мерекемен құттықтап, бақыт тілеп,

Аналарға балалар гүл ұсынды.

 

Жасыл көктем, гүл көктем, нұрлы көктем,

Ұшқан құстай күндерің сырғып өткен.

Жуа теріп, гүл тepiп, жүзі жайнап,

Бозбалалар келеді қырғы беттен.

 

Нәрін беріп, талдардың, жапырағы

Шырайланды Қаратау атырабы.

Шұғылалы әдемі көрік бepiп,

Мына көктем баршаны шақырады.

 

* * *

Теріскей аманбысың халқым елім,

Шығарып жатырсыңдар даңқын елдің.

Осындай дүбірлі  той кезеңінде,

Шымырлап ой-өpiciм шалқы менің.

 

Армысыңдар, ақ  шашты ағаларым,

Нар жүгіндей қайыспас қара нарым.

Күнгейден дұғай сәлем ала келіп,

Ағайын өздеріңді жағаладым.

 

Теріскей туған жерім өскен жерім,

Қандай шәрбат бұлақты төскейлерің.

Соғыстың қиын қыстау кезеңінде,

Күн үшін күнгей асып көшкен едім.

 

Сенде өтсе зыр жүгіріп балалығым,

Күнгейде қалыптасты саналығым.

Теріскей тауың  да ыстық, тасың  да ыстық,

Халқыңның мақтан етем даналығын,

Теріскей қоныс жері бабалардың.

 

Баба түкті шашты Әзіз даналардың,

Ысқақ  баб Саңғыл бимен Қара бура.

Сол кезгі перзенттepi аналардың.

Армысыңдар, айбарлы бауырларым!

 

Жақсы болсын біріккен қауымдарың,

Аман болсын отбасы, бала-шағаң.

Аралаумен жүріңдер ауыл бағын,

Сендерсіңдер тұлғалы тарландарым.

 

Сендерсіңдер құламас қорландарым,

Арман жүгін арқалап мен де келем.

Өздеріңнен болсам деп армандадым,

Сендерменен мықты ғой дінім менің.

 

Сендерменен шынайы тілім менің.

Сендерменен ағалар бipгe жүрсем,

Сендерменен жап-жар күнім менің

Сендер жүрген ортада мерекелі.

 

Сендерменен тірлік те берекелі

Білесіңдер қалжыңның қырық түрін.

Білмейсіңдер әжуа келекені

Сендерменен көрікті елім бүгін.

 

Келесіңдер көтеріп сенім жүгін,

Айналайын ағалар сендер барда,

Ар-ұятым алдында сенімдімін.

АҚ АЛМА ЕРКЕМ
Салихаға

Өзіңсің жаным, ақ алма еркем,

Жүресің дәйім, санамда еркем.

Ақ арман құсы қолыма қонып,

Біp бақыт келді, маған да еркем.

 

Қызғалдақ гүлім жамылып көктем,

Шуағын күннің тамызып кеткен.

Өзіңе деген арманым биік

Жүредім сені, сағынып көптен.

 

Өзіңсің жаным, елігім еркем,

Өмірден тапқан серiгiм, еркем.

Жүрегім тулап өртеніп кеттi-ay,

Бұйыртты маған сені кім, еркем.

 

Өзіңсің күнім аяулы жаным,

Сенімен нұрлы саялы бағым.

Айлы түн кеші неткен біp әсем,

Аралап қайттық, той ауыл жағын.

 

Қаншама рет, жолыңды тостым,

Белгісі көп қой өмірлік достың.

Саяхат жасап тауға да шықтық,

Көтердік талай көңілдің қосын.

 

Сағынам ceні күн өткен сайын,

Жүрекке шырын гүл еккен сайын.

Қартаймай жүрсек болар ед, жаным,

Қорқамын бipaқ, жыл өткен сайын.

 

АҚ БАТА

Құдайға шүкір, жан балам,

Алланың үйі ашылды.

Ағайын-туыс қуанып,

Құрт, бауырсақ шашылды.

 

Арман еді біздерге,

Көптен бepi аңсаған.

Артта қалды білінбей,

Қаншама айлар шаршаған.

 

Оянып таңғы Азанмен,

Meшіткe халық асықты.

Имамның сырлы ауазы,

Жамағат көңілін тасытты.

 

Намаз оқыған адамдар,

Берекелі болады.

Отбасының шаттығы,

Мерекелі болады.

 

Өмір сүрсін пендем деп,

Алла бізді жаратты.

Пайғамбарым Мұхаммед,

Нұр шуағын таратты.

 

Ұлдарың сенің ер жетіп,

Үйлену тойын тойласын.

Қыздарың сенің бойжетіп

Шаттық тойын тойласын.

 

Намаз оқыған адамның,

Денесі мүлдем тазарар.

Шайтанды қуып иықтан,

Келместей етіп жазалар.

 

Тоқсан, жүздің тоғайын,

Аралай бер қарағым.

Немере, шөбере көбейіп,

Жапырақтасын дарағың.

 

Ел ipгeci аман боп,

Таси берсін дәулетің.

Қызғалдақтай құлпырсын,

Сән-салтанат сәулетің.

 

Осылай деп қарағым,

Мен бip бата берейін.

Абырой туын көтеріп,

Үстем болсын мерейің!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір