«Есірткісіз өмір – болашаққа қадам»

Астана қаласында мектеп клубтары театр қойылымдары арқылы бақтарын сынады. «Заң және тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған бұл байқау нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы мақсатта ұйымдастырылған.
Оқушылар түрлі қойылымдарды сахналау арқылы жастар арасында салауатты, қауіпсіз және белсенді өмір салтына негізделген тұрақты құндылықтарды қалыптастыруды, жауапкершілік пен саналы көзқарасты дамытуды көздеді. Өмірде адаспай, дұрыс жолмен жүруді, психоактивті заттарды қолданудың қаншалықты зиян екенін арқау еткен қойылымдар сайысында Байқоңыр ауданында орналасқан 8 мектеп сынға түсті. Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары Азамат Малыбаев, қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Адылбаев, «ЕС бол» ҚБ төрағасы Жандос Ақтаев және «Жасыл жалын» ұйымының өкілі, Байқоңыр аудандық прокуратура өкілдері қазылық еткен байқау жоғары деңгейде өтіп, жиналғандарға ерекше әсер етті.
Жарыс нәтижесінде үздік өнер көрсеткен №119 мектеп клубы бірінші орынды еншілесе, №16 мектеп клубы екінші орын, №8 мектеп клубы үшінші орынды иеленді.
Жанылсын ЖҰМАБАЕВА,
Абылай хан атындағы ҚХҚжӘТУ журналистика
мамандығының 2-курс студенті