«Қоңыратбаевтар әлемі және ұлттық руханият мәселелері»
28.10.2025
187
0

ҚР Ұлттық кітапханасы ғимаратында «Қоңыратбаевтар әлемі және ұлттық руханият мәселелері» атты халықаралық ғылыми-танымдық конференция өтті.

Жиын көрнекті ғалым, әдебиеттанушы Әуелбек Қоңыратбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай және филология ғылымының докторы Тынысбек Қоңыратбайдың 70 жас мерейтойының қарсаңында өтті. Конференция барысында Қалжан, Әуелбек, Әлібек Қоңыратбаевтар мен Тынысбек Қоңыратбайдың ғылым мен мәдениеттегі орны, шығармашылық мұрасы жан-жақты талқыланды.
Конференция барысында қонақтарға ағайынды Қоңыратбаевтар еңбектерінен жасақталған кітап көрмесі ұсынылды және «Қоңыратбаевтар династиясы», «Біртуар. Тынысбек Қоңыратбаев» деректі фильмінің тұсау­кесері жасалды. Көрмеге энциклопедиялық жазбалар, библиографиялық көрсеткіштер мен сирек деректер қойылды. Сонымен қатар конференция барысында Қалжан және Әлібек Қоңыратбаев шығармалары мен профессор Тынысбек Қоңыратбаевтың 3 томдық «Руханият әлемі» шығармалар жинағының және музыкалық шығармаларының тұсауы кесілді, отандық және шетелдік ғалымдар баяндама жасады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір