«ДАРАБОЗ» МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
????????????????????????????????????
«Бауыржан» қайырымдылық қоры мен Қазақстан Жазушылар одағы «ZHERSU» инвестициялы-өндірістік корпорациясының қолдауымен балалар жазушыларының халықаралық «Дарабоз» байқауы биыл он бірінші рет өтті.
Биылғы байқауға қазақ тілінде 300-ге жуық шығарма қабылданды. Байқау қортындысы бойынша ең үздік жүлдеге «Ілияс мінген қарагер» атты шығармасымен «Қазақ тарихы», «Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл» журналдарының Бас редакторы, жазушы Әбділдабек Салықбай лайық деп танылды. ҚазҰУ-нің журналистика факультетінің, баспа ісі мамандығының 4 курс студенті Нұрбек Нұржан «Аспанға ғашық құс бала» шығармасымен І орынды қанжығасына байлады. ІІ орын – белгілі ақын, жазушы-драматург Ақылбек Шаяхметтің «Шопан ата және Диханбай баба» төлтумасына берілді. Атыраулық Маркиза Базарбайқызының «Беймезгіл үзілген жапырақ» туындысы ІІІ орынды иеленді.