Бейжіңдегі Абай мүсініне гүл шоқтары қойылды
22.12.2025
49
0

Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма Төрағасы Мереке Құлкенов бастаған қазақ қаламгерлері делегациясы Қытай астанасына жасаған іссапары аясында Чаоян саябағында орналасқан Абай Құнанбайұлының мүсініне гүл шоқтарын қойды. Бұл шара ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналды.

Гүл шоқтарын қою рәсіміне Абай бюстінің авторы, белгілі қытай мүсіншісі Юань Сикунь арнайы қатысты. Қазақстандық қаламгерлер мен мүсінші қазақ-қытай мәдени байланыстарының маңызы мен Абай мұрасының екі ел арасындағы рухани көпір ретіндегі ерекше рөлін атап өтті.
Іс-шара достық пен мәдени ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған сапар бағдарламасының маңызды бөлігі ретінде өтті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір