КӘСІПТЕН НӘСІП ТАБУДЫ КӨЗДЕГЕН ТҰРҒЫНДАР
26.04.2024
379
0

Елімізде кәсіпкерлікті дамыту жолында көптеген жұмыс атқарылып жатыр. Халықтың қаржылық сауаттылығын арттырудың маңызы зор. Ел ішін дүрбелеңге салып жатқан түрлі алаяқтықтан қоғанудың бірден-бір жолы – жалған дүние мен шын ақпаратты ажырата алу иммунитетін қалыптастыру.

Осындай мақсатты көздеген шаралардың бірі – Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мустапаев Маңғыстау ауданының бизнес өкілдерімен кездесті. «Бір ауыл – бір өнім» жобасы арқылы ауыл әйелдеріне кәсіп көзін ашу мүмкіндігі туралы түсіндіріліп, 5 млн. тг көлемінде грант алу жағдайы да айтылды. «Атамекен» микроқаржы ұйымы арқылы 14,5 пайызбен берілетін несие бар. Бүгінгі күнге дейін 8 жыл ішінде кәсіпкерлерге 3,5 млрд. несие берілген. Нәтижесінде ауылшаруашылығы, балабақша, дәмхана, т.б ашылды», – дейді ӨКП директорының орынбасары Алтынгүл Наурызбаева.
Аталмыш жиынға «Даму» қоры, «Каспий» ӘКК. Аграрлық несие корпорациясы өкілдері де қатысып, өз салалары бойынша жетістіктерді атап өтті. Жергілікті тұрғындар осы бағыт бойынша сұрақтарын қойып, ақыл-кеңес алды. Кәсіптен нәсіп табуды мұрат тұтқандар көкейіндегісін жеткізіп, толыққанды ақпаратпен қанықты. Мәселен, Амалбек Имаштың: «Мен 5 млн. теңгенің грантына бірнеше рет тапсырып қаражатты ұта алмай жүрмін. Бизнес жоспарымнан қате табады. Сол жағынан көмек болса екен. Биыл тағы тапсырып көремін. Ауылда кәсіп ашқым келеді. Грант алсақ, қалғаны жеңілдеу болар еді», – деген сауалына арнайы маман – Кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Тұранұлы жауап беріп, бағдар көрсететін болып келісті.

А.ӘЛДИБЕК

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір