«ЕРЛІКТІҢ ІЗІ МӘҢГІЛІК»
13.05.2016
1139
0

БаубекҰлы Жеңіс мерекесі қарсаңында С.Бәйішев атындағы  Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жазушы, ақын, журналист Баубек Бұлқышевтың  100 жылдығына орай «Өмірге құштар өр тұлға» әдеби-патриоттық  кешін  ұйымдастырды.

Мақсаты – қалың оқырман қауымына  жазушының өмірі мен шығармашылық жолын таныстырып, қаламгердің  отаншылдыққа толы әдеби мол мұрасын  насихаттау. Кеште  фото-шежіре слайд, «Өмір сүргім келеді», «Баубек Бұлқышев» бейнематериалдары көрсетілсе, кітапханашы Нұрлыгүл Бердіғалиева «Ерліктің ізі мәңгілік» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізіп, Б.Бұлқышевтың «Адамзатқа хат», «Жизнь принадлежит нам» және т.б. кітаптарымен таныс­тырып, Баубек Бұлқышев очерк, хаттармен қоса бірнеше өлең, В.В.Маяковскийден «Жолдас құстар, күттік сізді, сіздер үшін ұшпасқа не?», А.Бартодан «Лагерьде» сияқты  аудармаларына  тоқталды.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір