«1812 жыл: Соғыс және бейбітшілік Қазақы нұсқа»

А.Байтұрсынұлы атындағы әлем тілдері университетінде француз тілі факультеті студенттері мен ұстаздар ұжымының ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 90 жыл толуы аясында Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы Жалғасқали Дүтмағанбетовпен кездесу өтті.
«1812 жыл: Соғыс және бейбітшілік Қазақы нұсқа» үш томдық романының француз тілінде де жарық көруіне орай ұйымдастырылған кездесуге Атыраудан арнайы келген автормен бірге жазушылар Еркін Жаппасұлы, Өмірзақ Мұқай және Талғат Айтбайұлы қатысып, бұл шығарманың қазақ әдебиетінде үлкен жаңалық болғанын, ішінде баяндалатын тарихи оқиғалар мен қамтылған деректер жөнінде жан-жақты әңгімеледі.
– Осы жылдың ақпан айында, тура осы кітапханада трилогияның ағылшын тілінде жарық көруіне орай, ағылшын тілі факультетінің студенттерімен әсерлі кездесу өткізіп, кітап туралы ойларымызбен бөліскен едік. Бүгін де сіздердің сауалдарыңызға, айтқан ой-пікірлеріңізге дән риза болдым, – деді кездесу соңында Ж.Дүтмағанбетов.