ҚОС ХАЛЫҚТЫҢ ӘДЕБИ ОДАҚТАСТЫҒЫ ДАМИ БЕРМЕК
Қадірлі қазақстандық қаламгер достарым!
Құрметті Мереке Әбдешұлы!
Қаламдас, қандас ағайындарды Жазушылар одағының 90 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!
Якутия мен Қазақстанның Жазушылар одағы бір уақытта, 1934 жылы құрылды. Қос рухани орданың бастауында Платон Ойунский мен Сәкен Сейфуллин сынды белгілі тарихи тұлғалар, қайраткерлер тұр. Қазақ пен Якутия халқының жазушыларының достық қарым-қатынасы әріден басталған. Екі елдің бай әрі терең дәстүрлері мен әдебиетіне, бай қазынасына аударылған туындылар арқылы ұрпақтарымыз куә болып келеді. Бұл шығармашылық одақтастық ары қарай дами бермек. Соның дәлелі ретінде қазақ тілінде жарық көрген қазіргі заманғы якутиялық қаламгерлердің антологиясын айтсақ болады. Қазақ ақындарының Якутияда жылына екі мәрте өтетін Халықаралық поэзия фестиваліне қатысуы да әдемі дәстүрге айналды.
Қазақ қаламдас достарыма шығармашылық жетістіктер, жаңа серпілістер мен мықты денсаулық тілеймін.
Г.ГАНДРОСОВ,
Якутия Жазушылар одағының төрағасы