ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫНДАҒЫ ТҰСАУКЕСЕР АПТАЛЫҒЫ
02.12.2024
85
0

Жуырда Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында өнертану факультетінің
«Театр өнерінің тарихы мен тео­риясы» кафедрасының ұйымдастыруымен жаңа кітаптардың тұсаукесер апталығы өтті.

Маңызды бұл шара аясында академия студенттеріне қазақ драматургиясының абызы Қ.Мұхамеджановтың 95 жылдығына арналған «Жүрекке жорық» жинағы, белгілі театртанушы ғалым А. Мұқанның қазақ театрының іргетасын қалаушы топтың көрнекті өкілі, режиссер, ұстаз Жұмат Шаниннің 130 жылдығына орай «Ұлт театрының атасы», жас театртанушы Б.Әлкееваның белгілі актер С.Қарабалин туралы «Бекзат болмыс иесі…» еңбектеріне және белгілі сыншы Ә.Бөпежанованың, негізінен, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының көрнекті актерлері туралы портрет-танымдар мен театр өнеріміздің ғасырлар тоғысындағы үдерістері хақында ой тарататын «Сахна сәулесі», сондай-ақ классикалық пьесалардан «Еділ қаған» атты аударма кітаптарына жан-жақты таныстырылым жасалды.
Студенттерге Қ.Мұхамед­жановқа арналған жинақты әдебиетанушы ғалым, жазушы Н.Ақыш, ал өзге кітаптарды авторлардың өздері кеңірек таныстырды. Сонымен қатар бұл еңбектердің мазмұн-мәні мен маңызы туралы өнертану докторы, профессор Б.Нұрпе­йіс, өнертану кандидаттары, профессорлар, ұстаздар А.Құлбаев, А.Мұқан, М.Жақсылықова, А.Еркебай, З.Исламбаевалар ой таратты. Таныстырылымдар сауал-жауап түріндегі пікіралысуларға ұласып, аталған жинақтарды академия кітапханасына және қатысушыларға тарту ету рәсімімен қорытындыланды.

Жаңылсын Жұмабаева,
Абылайхан атындағы ҚазХҚ және
ӘТ университеті журналистика
факультетінің 1-курс студенті

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір