ӘСЕТ ӘНІМЕН ӘРЛЕНГЕН ТҰСАУКЕСЕР
30.12.2023
291
0

Жуырда Алматы облысы Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш мәдениет үйінде атақты композитор Әсет Бейсеуовтың туғанына 85 жыл толу құрметіне арналған мерекелік шара өткізілді.

Аудан әкімінің бірінші орынбасары Ақниет Тұматаев Әсет шығармашылығына кеңінен тоқталып, оның баспадан жаңадан шыққан «Балдәурен» атты әндер жинағы мен Әсет жайлы тынбай жазып жүретін жазушы Тұрсынбек Ешенқұловтың «Тоғанай-Т» баспасынан шыққан «Күн тұтылғанда» атты повесть, әңгімелері мен естеліктері топтастырылған кітаптың тұсаукесері болатынын хабарлады.
Тұсаукесер рәсіміне аудандық «Ақ әжелер» ансамблінің жетекшісі, Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Күміс Кемелбаева, академик, профессор Адамбек Тәтенов, филология ғылымының кандидаты, профессор Гүлшарбан Сабурова, Әсеттің әпкесі, белгілі заңгер Бүбіш Бейсеуова (Айсариева), ұлағатты ұстаз, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Төлегетай Ақбауов кітаптардың лентасын қиып, кітап авторлары жайлы жүрекжарды сөздерін айтып, жұртшылыққа таныстырды.
Аудан әкімінің бірінші орынбасары Ақниет Тұматаев Б.Бейсеуова мен жазушы Т.Ешенқұловқа шапан жауып, құшақ-құшақ гүл сыйлады.
Мерекенің кезегі Әсет құрған «Құлансаз» ән-би ансамблі мен Махаббат Бигелдиев негізін қалап кеткен аудандық «Сүйінбай сазы» ансамбльдерінің әнші-биші қыз-жігіттеріне беріліп, жиналған жұртшылық риза болып тарасты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір