Жетісу университетінде Конституциялық реформаларды түсіндіруге арналған жиын өтті
17.04.2026
56
0

Конституция – қоғам дамуының негізгі бағытын айқындайтын маңызды құжат.

Бүгін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Гуманитарлық факультет студенттеріне жаңа Конституцияның мазмұнын түсіндіру мақсатында жиын өтті.

Шара барысында Конституцияға енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты талданып, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударылды. Оқытушылар мен сала мамандары конституциялық реформалардың мәні мен маңызын нақты мысалдар арқылы түсіндірді.

Факультет студенттерінің басым бөлігі жаңа Конституцияның мазмұнына қатысты өз пікірлерін білдірді. Олардың айтуынша, конституциялық өзгерістер қоғамдағы әділдік пен теңдікті нығайтып, әрбір азаматтың құқықтарын қорғауға кең мүмкіндік береді.

Бұл жиын студенттердің азаматтық көзқарасының қалыптасқанын және қоғамдық мәселелерге бейжай қарамайтынын айқын көрсетті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір