ТҰТЫНУШЫ ҮШІН ЕҢ БАСТЫСЫ – ЫҢҒАЙЛЫЛЫҚ
01.04.2016
1249
0

abaikz_kesh (50)Мерзімді басылым, радио-телеарналар, интернет желілер – үшеуі БАҚ-тың әр түрлі формалары. Бұлардың сыртқы пішіні бөлек болғанымен, миссиясы біреу – ақпарат жеткізу. Қоғамдық ойды саралау. Қазіргі болсын, кешегі болсын, оқырман – көрермен – тұтынушы үшін ең бастысы – ыңғайлылық. Жедел қол жеткізу, жылдам оқу, қызықты сипаты болса тіптен жақсы.


Қасым АМАНЖОЛ,
журналист

Бұл тұрғыда мерзімді басылым те­леар­на мен интернетке шендесе алмай­ды. Оларды өз арасында бәсекелестіру де қисынсыз. Бір-біріне қарсы қоюға да болмайды. Алайда, заман дамиды, бір орында тұрмайды. Қағаз газеттің өмі­рі, оқырманы қысқарған үстіне қыс­қара береді. Қысқартып жатқан – жаңа технологиялар. Консерватор ағайындарға бұл тұста көңіл айтуға ту­­ра келеді. Ал оқырман үшін ақпа­рат­ты қай газеттен оқуы маңызды емес, қандай ақпарат оқуы маңызды сияқ­ты. Көлдей-көлдей ондаған беті бар газет-журналдарды мемлекет не се­бепті халық қаржысын жұмсап, қа­ры­сып ұстап отырғанын түсінбеймін кейде. Бес күн бұрынғы интернетте жазылып, айтылып, талқыланып тастаған дү­ние­ні жаңалық ретінде ұсынып жатады. Немесе, елдің әлеуметтік желідегі пі­­кірлерімен парағын толтырады. «Га­зеттің талдау, сараптау функциясы ба­­сым» дегенді нендей дәйекке сүйеніп ай­тасыздар? Телеарна мен интернетте оған орын жетпей ме? Жетеді. Меніңше, ол сол БАҚ-ты шығарушы редак­тор­лар­ға, авторларға байланысты ғана дүние. Оқырман, рас, өзгерді. Оның көптеген себебі бар. Бүгінгі адам басқа. Оның қазір өз өмірі үмітсіз, бола­шақ­сыз, қатыгез, әулекілеу ортада қа­лып­тасып жатыр. Өз болашағын өзгерте алмайтынын білген жан газет оқи қой­майды. Жеңіл концерт, сериал тамаша­лап, «youtube»-тан видео көреді. Әр ба­сылымды жіліктеп, талғап оқу ди­но­­заврлар заманы сияқты келмеске ке­тіп бара жатыр-ау. Ал сапаны тек ти­ражбен анықтауға болмас. Дәл газетке байланысты. Негізі, оқырман мен «уау» деген қолпаштаушының же­тегімен кетсеңіз, барар жеріңіз сол бая­ғы әнші-құшнаштардың маңайы бо­­лады. Немесе, өз-өзіңізбен тұйық­та­лып тек қана интеллектуалды, «экзис­тенциалды философиялық» жаз­балар­ды жариялаумен ғана ай­на­лыс­­саңыз, тағы біртүрлі. Оқырман өзіңіз ғана боласыз. Сондықтан «алтын орталықты» ұстаған жөн деп ойлаймын.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір