ӨТКЕННЕН ӨНЕГЕ
01.04.2016
1546
0

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев рес­публика мәдениетінің өркен жаюына  негіз болар әр алуан жаңа бастамалар көтеріп, соның тыңғылықты жүзеге асуын мұқият қадағалап отырады.

Президентіміздің әр жыл сайынғы «Қаза­қ­с­тан халқына Жолдауының» түрлі қырынан көрініс тауып келе жатуы – еліміздің өрке­ние­тті мемлекетке айналғандығымен дәлел­денеді деуге толық негіз бар. Мәселен, мемле­кет­­тік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында көптеген ауқымды іс-шаралар жалғасын тап­қан болатын. Бұл тұрғыдағы танымдық дүние­лер­дің (мәдениет саласына қатысты те­левизиялық, яғни деректі, көркем фильмдер, осы бағыттағы мәдени-танымдық бағ­дар­ламалар жарыққа шығуы еліміздің мә­де­ние­ті мен әдебиетіне қосылған үлкен үлес еке­ні даусыз. Әрі елімізде атқарылып жатқан басқа да игі шаралармен бірге әлемдегі өрке­ниет­ті елдермен тереземіздің теңесуіне игі ық­палын тигізуде.

Мәселен, «Мәдени мұра» бағдарламасы еліміздің осынау тереңде жатқан тарихының бұлақ көзін ашып, тіл бітсе сөйлеп кетуге да­йын Ұлы Даланың құпияларын табуға сара жол салып берді. Бабалардан қалған асыл мұ­ра, яғни көне тарих іздері сонау қола дәуірінен бү­гінгі күнге дейінгі ішкі сырын ақтара бас­тады. Сол дәуірде өмір сүрген Сақ тайпала­ры­ның өмірінен, Үйсін тайпаларының өмі­рі­нен мәлімет беретін жәдігерлер, олардың қоныстары мен оба-молалары, Түркі қағанаты кезеңіне сай келетін жартас суреттер, түркілік әдет-ғұрыппен жерленген бейіттер, қазақ хандығы құрылған Қозыбасы, жоңғарларға қарсы соғыстың бетбұрысына айналған Аңырақай шайқасы, т.б, ел тарихы жайлы мә­­лі­меттер бүгінгі электронды кеңістік иеле­рі, яғни келешек ұрпақтың қызығу­шы­лығын тудыратыны сөзсіз.

Ел көшбасшысы «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген қанатты сөзді тілге тиек етуінде үлкен мән жатыр. Жалпы, дәстүрлі мәдениетті жаңарту, өз халқының тарихи тә­жі­рибесіне жүгіну – бұл өз тәуелсіздігін нық ұстай алған елдерге орын алатыны заңды құбылыс болса керек. Осы тұрғыда Елбасының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бас­тайтын жол» бағдарламасы бойынша мә­де­ниет саласына, тілдерді дамыту, білім беру бағдарламасына маңызды өзгертулер ен­гі­зіліп, 2020 жылға дейін үш тілді білім беру­дің жол картасы әзірленді. Әрі бұл бағдар­ла­ма халықтың болашаққа деген сенімін кү­шейтті. «Ұлт жоспары – қазақстандық ар­манға бас­тайтын жол» бағдарламасын қамтитын
5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты» қадам, яғни ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі бастал­ғандығымен ерекшеленіп отыр. Бұл алдыңғы қатарлы дамыған отыз елдің қатарына енуге даңғыл жол аша отырып, барша қазақстан­дық­тарға үлкен жауапкершілік жүктеуімен ерекшеленеді. Болашағымызды бағдарлап, кемел келешегіміздің көкжиегін айқындайтын бұл бастама ұлттық құндылықтарымыздан бастау алған тәуелсіздігімізді баянды етуге негіз салды.

Арынды ақын Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын, мың өліп мың тірілген» деген жыр жолдары еліміздің небір қиын кезеңдерді бастан кешкенінің дәлелді айғағы. Қазақ елінің бүгінгі бет-бейнесі, өмір сүру салтымен кешегі бет-бейнесіндегі айырмашылық кім-кімді де ойландырмай қомайды. Тіпті, салыс­ты­руға да келмейтінқайсыбір өзгерістер ел ертеңінің жарқын екенін айғақтай түсе­тін­дей.

Елбасының мемлекетімізді озық елдердің қатарына кіргізу жолындағы тың идеялары оң нәтиже беретініне халық кәміл сенеді.
Н.Назарбаев бір сөзінде: «Өзге өркениетті елдерде мемлекеттік тілдің мәртебесі қандай болса, бізде де сондай болады», – деген болатын. Мемлекеттік тілдің болашағына сеніммен қарап, оның мәртебесін көтеру кез келген қазақстандықтың ортақ парызы болмақ. Ендеше, халықтық реформаны жүзе­ге асыру мақсатында қабылданған «100 нақты қадам» бағ­дарламасынан туындаған мақсат-міндет­тер қызу қолдау таба берері хақ.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болып жарияланған 2015 жыл «Мәңгілік елдің» өткенін таразылап қана қоймай, бола­ша­ғын бағдарлайтын жаңа қазақстандық пат­риотизмді қалыптастыруға бастайтын ше­шуші қадамдар жылы болды. Ал ұлттық идея – жаңа қазақстандық патриотизм десек, сол ұлттық идеяның тұғыры – ұлттық тіле­к е­кеніне көзіміз жете түседі.

Қорыта айтарымыз, Елбасы ұсынған бұл реформа және оған жасалған жүз қадам – «Мәңгілік Елдің» алтын арқауы. Жүз қадамда айтылған әрбір түйіннен ұлттың келешегі айқын көрінеді. Ұлт мәдениетін паш ететін та­рихи құндылықтарды көзіміздің қарашы­ғын­дай сақтап, адал кәсіпке құрылған жаңа қоғам құру – қазақстандықтардың басты міндеті. Еуропа мен Азияның арасына алтын көпір болған біздің ел керуен арқылы әлем мәдениетіне жол ашты. Сөйтіп, Қазақстан әлемдік мәдениеттің кең құлаш жаюына өз үлесін қосуда. Мәселен, өткен 2015 жылдың өзін­де Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қа­зақс­тан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы жеңістің 70 жылдығы сынды айтулы дата­лар өз деңгейінде аталып өтті. Бір сөзбен айтқанда, қазақ елінің өсіп-өркендеуі, білімді ұрпақ тәрбиелеуі жолындағы тың ізденістер бүгінгідей нәтижелі жалғасын таба беретіні даусыз.

Р. АЙТЖАНҚЫЗЫ,
«Таңбалы» қорық
мұражайы қызметкері.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір