«AMANAT» – РУХАНИЯТ ҚОЛДАУШЫСЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «AMANAT» партиясының реформаларды жүзеге асыруға белсене атсалысуға, Қазақстанды қарқынды түрде қайта құрудың және жаңартудың негізгі қозғаушы күші ретінде әрекет етуге міндетті екенін атап өткен болатын. Бұл ретте, партиялық жобалар және партия жанынан құрылған қоғамдық кеңестер ең өзекті тақырыптар бойынша ұсыныстар әзірлейтін ашық әрі тиімді алаңға айналып келеді. Мұндай қадамдар билік, партия және халық арасындағы жаңа диалог мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі.

Партия «Miras» аймақтық кеңесі, «Кітап-AMANAT» және «Ұлттық мұра» партиялық жобалары арқылы руханиятты дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
«AMANAT» партиясы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» аймақтық кеңесінің бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жыл басынан бері екі отырысы өтті. Аталмыш кеңеске облыстық мәслихат депутаты, айтыскер ақын Сырымбек Сәрсембаев төрағалық етеді.
19-наурыз күні өткен алғашқы отырысында маңызды төрт мәселе қаралды, яғни, аталмыш кеңестің құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, жаңа мүшелер таныстырылды. Сондай-ақ, кеңестің 2024 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып, бекітілді және Атырау облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының облыс көлемінде атқарылатын мәдени-бұқаралық іс-шаралар жоспары таныстырылды.
Ал Өңірлік жол карталарының 2023 жылы орындалмаған тармақтары бойынша облыстық Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының бас маманы Ернұр Нетжанов, облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Талғат Бисен, Атырау қалалық құрылыс бөлімінің өндірістік техникалық секторының меңгерушісі Арнат Оңдасынов ақпарат берді.
Ауыл тұрғындарының мәдени сұраныстарын қамтамасыз ету және халықтың өнер ордаларына қолжетімділігін арттыру мақсатында өңірде жаңа мәдениет нысандарын салу қарқынды түрде жүзеге асуда. Өңірлік жол карталарының 57-тармағы бойынша 2023 жылы 4 ауылдық елді мекенде мәдениет үйлерінің құрылыстары толықтай аяқталды. Ал 58-тармақ бойынша 2023 жылы 12 мәдениет нысанына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Жыл қорытындысымен 11 нысан жөнделеді деп жоспарлануда.
Бүгінде «Бұқаралық спортты дамыту» бағыты бойынша ағымдағы жылдың жоспарына сәйкес 3 спорт нысанының құрылысы жүруде. Бұл жобаларға жергілікті бюджеттен 724 млн теңге қаражат бөлінген. Бүгінде екі спорт кешенінің құрылысы 100 пайызға аяқталып, табиғи сипаттағы төтенше жағдай мерзімі алынғаннан кейін тапсыру жоспарланып отыр.
Ал маусым айында өткен кезекті кеңес отырысына бұқаралық спортты дамыту мәселесі арқау болды. Аймақта бұқаралық спортпен шұғылданатындардың саны жыл сайын артып келеді. Алайда спорттық нысан жетіспейді. Сондықтан, кеңес мүшелері жастардың бос уақытын ұйымдастыру және спортқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізуге баса назар аударды. Сондай-ақ жиында жастар және жалпыхалықтық спорт мәселелері, мемлекеттік жастар саясатын дамыту сияқты бірқатар маңызды, стратегиялық мәні зор мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, Атырау облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының «Мәдениет» бағыты бойынша «Жол картасының» іске асыру мәселелері туралы есебі тыңдалып, осы жылдар аралығында 56 мәдени нысанға күрделі жөндеу жүргізу мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, тарихи және қасиетті орындарға ірі қазба жұмыстарын жүргізу және облыстың танымал тұлғаларын, тарихи мұраларды халыққа кеңінен насихаттау жобаларын іске асыру мәселелері қаралды. Атырау футбол клубы мен «Бейбарыс» хоккей клубының жұмыстарын жандандыру тақырыбы да назардан тыс қалмады. Партияның «Кітап-Amanat» жобасы отандық әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға, жұртшылықты оқуға ынталандыруға, отандық авторлар мен кітап шығарушыларды қолдауға бағытталған. «Кітап-Amanat» орталығында жазушылар, авторлар, баспагерлердің қатысуымен түрлі іс-шаралар, жаңа кітаптардың тұсаукесері мен талқылаулары өтіп тұрады. Аталмыш орталықта бүгінгі күнге дейін 500-ден астам оқырманды қамтыған 8 іс-шара ұйымдастырылды. Сондай-ақ, оқырманның қызығушылығын тудырған 40 кітап сатылды.
Партияның «Ұлттық мұра» жобасының мақсаты – мәдениетімізді қалыптастыру, ұлттық тәрбиені арттыру. Аталмыш жоба аясында ұлттық спорт түрлерін насихаттау мен дамытуға қолдау көрсету, ұлттық мәдени құндылықтарды танымал ету және жаңғырту, мемлекеттік тілді дамытуға қолдау көрсету бағыттары бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.
Абдолла ИДРЕСОВ,
«AMANAT» партиясы Атырау
облыстық филиалының төрағасы