«Тілім менің – тірлігімнің айғағы»
20.06.2024
160
0

14-маусымда Қонаев қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында Білім мазмұнын дамыту институтының ұйымдастыруымен ғалым Нұрша Алжанбайқызының «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының негізінде «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» халықаралық олимпиадасы өтті.

Биылғы жылы олимпиадаға республиканың түкпір-түкпірінен жалпы саны 216 оқушыдан тұратын 109 команда қатысты. Қатысушылар қатарында Моңғолиядан, Қырғызстаннан, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларынан, Павлодар, Атырау және Қарағанды облыстарынан да келген үміткерлер болды.
Жыл сайын өтетін олимпиадаға биыл 30 жыл толып отыр. 30 жыл ішінде осы технологиямен білім алған көптеген түлектер жоғары білікті маман болып қызмет етуде. Олимпиаданың ашылу салтанатында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің қоғамдық-гуманитарлық пәндер мен бастауыш білім беру мазмұны және әдіснамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Әлия Чокушева, қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазы құттықтау сөз сөйлеп, олимпиада қатысушыларына сәттілік тіледі.
«Тілім менің – тірлігімнің айғағы» олимпиадасы Алаш зиялыларының идеялары әлі де өмір сүріп, өскелең ұрпаққа дәріптеліп келе жатқанын, олардың мұрасы жастарды ғылым, білім, мәдениет салаларында жетістіктерге жетуге жігерлендіретінін тағы бір дәлелдеді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір