«МЫҢ ЖАСАҒАН ШАҺАР»
01.04.2016
1458
0

maxresdefaultАқбасты Алатаудың бөктеріндегі әсем де көрікті Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталмақ. Осыған орай 22 наурыз күні Алматы қаласындағы Ә.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында «Нұр Отан» партиясының  және Алматы қаласының әкімі бауыржан Байбектің қолдауымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған «Мың жасаған шаһар» халықаралық ақындар айтысы  өтті.

Ақындар айтысының ашылу салтанатына «Нұр Отан» партиясы төрағасы  бірінші орын­басарының  кеңесшісі Берік Уәли қаты­сып, құттықтау сөз сөйлеп, партияның қазақ тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрін сақтау және дамыту мәселелеріне айрықша басым­дық беретінін айта келе, рухани құн­ды­лық­тар­ды дәріптеу бағытын партия алдағы уа­қытта да ұстанатынын айтты.

Дүбірлі сөз додасында  алматылық ақын Рүстем Қайыртайға бас жүлде бұйырды. Көп­шілік­тің көзайымына айналған айтыстың жас бөрісі Мейірбек Сұлтанхан бірінші бәй­гені жеңіп алса, Бибігүл Тілебалдинова мен Иран-Ғайып Күзембаев екінші жүлдені тең бөлісті. Үшінші үш бәйге керекулік Аспанбек Шұғатаевқа, қырғыз ақыны Азамат Болгонбаев пен Шалқарбай Ізбасаровтар қанжы­ға­ла­рына байлады. Көрермен көзайымы бәй­гесі оралдық ақын қыз Жансая Мусинаға та­быс етілді. Алматылық арқалы ақын Болат­бек Оразбаев өз сыйлығын Моңғол елінен кел­ген қарсыласы Серік Қуанғанға  тарту етті.

Айтысты әдеттегідей елімізге танымал ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман жүргізді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір