«МЫҢ ЖАСАҒАН ШАҺАР»
Биыл ақ басты Алатаудың бөктеріне орналасқан, күллі әлемге апорт алмасымен танылған, көрікті де әсем қала Алматының 1000 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланбақ. Осы дүбірлі мерекенің шымылдығы 22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні сағат 15.00-де Өмірбек Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында «Мың жасаған шаһар» тақырыбында халықаралық ақындар айтысымен ашылады.
Сөз айтысы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің бастамасымен өтеді. Тарихы тереңде жатқан ару қала жайлы айтысқа Моңғолиядан да, Қырғызстаннан ақындар қатысады. Жыр додасын Рүстем Қайыртай (Алматы), Иранғайып Күзембаев (Астана), Аспанбек Шұғатаев (Павлодар), Нұрлан Мусаев (Маңғыстау), Болатбек Оразбаев (Алматы), Серік Қуанған (МХР Моңғолия), Шалқарбай Ізбасаров (Атырау), Бибігүл Тілебалдинова (Алматы), Олжас Отар (Тараз), Жансая Мусина (Орал), Мейірбек Сұлтанхан (Қызылорада), Әсел Тәушенова (Атырау), Шұғайып Сезімхан (Түркістан), Азамат Болғонбаев (Қырғызстан) сынды ел аузында жүрген, шашасына шаң жұқтырмас 14 ақын қыздырмақ.
Айтысты көрнекті ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін ЕРМАН жүргізеді.
Келіңіздер, көріңіздер!
Билеттер Студенттер сарайының кассасында сатылады.
Байланыс телефоны: 274 62 20.