«ОРАМДЫ ОЙДЫҢ ЖЕМІСІ»
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі қаламгер, журналист Мағира Қожахметованың 70 жылдық мерейтойына орай «Орамды ойдың жемісі» атты электрондық кітаптың тұсаукесер жиыны өтті. Электрондық басылымға қаламгердің өмірбаяны мен шығармашылығы және жазушының өз мақалалары, сондай-ақ, қаламгер туралы жазылған мақалалар, естеліктер, фотосуреттер қамтылған.
Электрондық басылымның тұсаукесерінде жазушының құрбысы Райхан Хайрушқызы және психология ғылымдарының докторы Асия Хайрушқызы ізгі лебіздерін білдірді. Жазушы, жыршы-жырау Жұмабай Есекейұлы әуелетіп ән шырқады. «Адам – құпия», «Әлем – әуен», «Жантәсілім» романдары мен «Жападан жалғыз», «Күннің алтын сынығы» сияқты тамаша кітаптар ұсынған Мағира Қожахметованың азаматтық келбеті, елге сіңірген еңбегі жайлы айтылып, «Қаламгердің сырлы әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.