«Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп»
27.02.2024
576
0

21 ақпан күні Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық кітапханасында «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабының таныстырылымы өтті.

Жиынды ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанова кіріспе сөзімен ашып, қонақтарға сәттілік тіледі. Бабалар рухына Құран бағышталған соң Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы өз сөзінде жиынның мәні туралы айтып, қатысушыларға алғысын білдірді.
Бүгінгі алмағайып заманда өзекті мәселеге айналған тәрбие­лік өзегі терең жиынға Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасы атынан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары, ақын Қасымхан Бегманов арнайы қатысып, сөз сөйледі. Басқосуға келген өзге де зиялы қауым өкілдері мен ғалымдар — ҚР Президентінің жанындағы «ҚР Ұлт­тық ғылым академиясы» КЕАҚ вице-президенті Асқар Жұмаділдаев, Қазақстанның Халық жазушысы Смағұл Елубай, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелді, «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры, профессор Мұхаммад әш-Шаххат әл-Жинди, ҚМДБ Ақсақалдар алқасының мүшесі, жазушы-публицист Марат Тоқашбаев, журналист Серік Абас-Шах, «Әбу Ханифа» ғылыми зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Керім Шамшәдин өз сөздерінде жарық көрген кітаптың нағыз қазіргі қоғам үшін керек еңбек екенін талдап берді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір