Ақ аруана ізімен…
11.11.2024
144
0

(Көрнекті жазушы, сан қырлы талант Сәтімжан Санбаевқа – 85 жыл)

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде көрнекті жазушы, драматург, аудармашы, кинодраматург, қоғам қайраткері Сәтімжан Санбаевтың 85 жылдығына арналған «Сәтімжан Санбаев шығармашылығындағы әдеби дәстүр және ұлт­тық сана» ат­ты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өт­ті.

Аталмыш конференция аясында университет­тің Орыс филология кафедрасы Атырау облысы студент­тері мен оқушылары арасында «Санбаевтың сырлы әлемі» ат­ты сурет байқау-көрмесі мен «Санбаевты оқимыз» мәнерлеп оқу байқауын ұйымдастырды. Іс-шараларға көп жылдан бері Орыс филология кафедрасымен іскерлік байланыс орнатып келе жатқан «Былина» орыс этно-мәдени бірлестігі демеушілік танытқанын атап өтеміз. Жазушының шығармашылығына кафедралық READx клубының арнайы отырысы да арналды.
Пленарлық отырыста алғы сөздер мен құт­тықтаулар, баяндамалар оқылып марапат­тар табысталды.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директоры Кенжехан Матыжанов, Қазақ­стан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, Беларусь Жазушылар одағының төрағасы Александр Карлючевич конференция қатысушылары мен жұмысына сәт­тілік тілеп, өз құт­тықтауларын жолдады.
Университетіміздің директорлар кеңесінің төрағасы, ҚР ҰҒА академигі Бейбіт Мамраев университет­тің басқарма төрағасы-ректоры Саламат Ыдырысов пен әлеумет­тік мәселелер және жастар саясаты бойынша проректор Ләйла Қойшығұлованы атыраулық студент­тердің «Алтайдан – Атырауға» республикалық челленджіне белсенді қатысып, қолдау көрсеткені үшін Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына арналған естелік медалімен марапат­тады.
Мақат аудандық мәслихатының төрағасы Азамат Шанғалаев орыс филологиясы кафедрасының оқытушылары Жарқын Кенжебаева мен Сәуле Дүтбаеваға алғысхат­тар, Светлана Ананьеваға Мақат ауданының құрылғанына 100 жыл толуына орай шығарылған естелік медалін табыстады. Бұлардың барлығы – С.Санбаев шығармашылығын зерт­теп жүрген адамдар.
Пленарлық отырыста «Сәтімжан Санбаевтың дүниетанымы мен жеке авторлық картинасы» (М.В. Пименова – РФ, Санкт-Петербург қ., П.П.Семенов –
Тянь-Шанский атындағы Халықаралық гуманитарлық университетінің ректоры, филология ғылымының докторы, профессор), «Ақ аруана: түркі әдеби жазбаларындағы туыстық белгілері» (З.В.Әуезова – PhD, филология ғылымының кандидаты, шығыстанушы, Нидерланд, Амстердам қ., Eurasian Perspective орталығының оқытушы-кеңесшісі), «Еуропалық түркология болашағындағы қазақ тілі мен әдебиеті» (Робертс Иоханнес Хенрикс Мария – PhD ғылым докторы, лингвист, Нидерланды, Амстердам қ., Middle Eastern Perspective бағдарламалық орталығының директоры), «Сәтімжан Санбаев: уақытпен диалог» (С.В.Ананьева – филология ғылымының кандидаты, доцент, М.О.Әуезов атындағы Халықаралық қатынастар және әлемдік әдебиет институтының бөлім жетекшісі), «С.Санбаевтың «Мыс тұғыр» романындағы тарихи шындық және оның көркемдік түрленуі» (Д.А.Қонаев – филология ғылымының кандидаты, «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының директоры), «Сәтімжан Санбаевтың ұлт­тық және әлемдік әдебиет­тер контекстіндегі шығармаларының ұлт­тық ерекшелігі» (К.Н.Галай – РФ, Мәскеу, РУДН, орыс және шетел әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымының кандидаты), «Қазақстанның орыстілді прозасындағы әлемнің ұлт­тық бейнесін таныстыру (С.Санбаев туралы мақала негізінде)», (Ж.Е.Кенжебаева – Х.Досмұхамедов атындағы АУ профессоры, филология ғылымының кандидаты) тақырыбында баяндамалар оқылды.
Конференцияда М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директорының орынбасары Альмира Қалиева пленарлық отырыстың модераторы болды.
Біртуар тұлға Сәтімжан Санбаевтың 85 жылдығын атап өту үшін Атырауға, Атырау университетінің Құрмет­ті профессоры ретінде әркез ықыластық танытып, келуге ниетін білдіріп, армандаған әкесі Мұрат Әуезовтің арманын орындаған қызы Зифа-Алуа Әуезова жұбайымен бірге арнайы келді.
Өз кезегінде ғылыми жетістіктері, әріптестік байланысы мен ғылыми әлеует­ті дамытудағы үлесі үшін Зифа-Алуа Әуезова мен оның жұбайы Робертке және Диар Қонаевқа Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Құрмет­ті профессоры дип­ломы табысталды.
Дінмұхамед Қонаев атындағы Binom мектеп-лицейіне және басқа да мәдени ошақтарға арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Сарайшық қалашығына жасалған сапардан мол әсер алған қонақтар, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Жұмыс күнінің екінші жартысы конференцияның секциялық жиындарымен жалғасты. Тақырыптық секцияларда Болгария, Ресей, Қытай және қазақстандық жоғары оқу орындары, колледждері және мектептерінен келген ғалымдар мен жас зерт­теушілер баяндамалар жасады.
Конференция аясында ХХХХVIII Халықаралық «Заманауи филология: бастауы мен қазіргі күнге дейін» ғылыми күзгі мектебінің жұмысы ұйымдастырылды. Ресей ғалымдары дәріс оқитын мектеп жұмысы 72 академиялық сағатқа жоспарланған. Сабақтар аралас формат­та жүргізілгенімен, барлық қатысушыларға тиісті сертификат­тар табысталды.

Жарқын КЕНЖЕБАЕВА,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің
профессоры, филология ғылымының кандидаты

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір