«МЫҢ ТАҒДЫР – БІР ЕЛ»
26.02.2016
1736
0

Владимир Эйферт Натюрморт с синим кувшином 1947-1950Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы Алғыс күнін ата-бабалары қатал тағдырдың айдауымен келген миллиондаған адамдарды туысындай көріп, қамқор болған, қонағындай күтіп, бір үзім нанын бөліп берген қазақ жеріндегі белгілі қазақстандық суретшілердің туындыларының көрмесімен атап өтеді.

Көрермендер ұлттық мәдени қазынамызға ен­ген мұражай жинақтамасының қорындағы жұ­мыс­тарды көреді. Авторлардың қайсысының болса да тағдыры жеңіл болған жоқ, бірақ олардың қазақ жеріне, оның дәстүрлеріне, халқына арнаған шығармашылығы оларды Қазақстанның қазіргі мәдениетіне қосқан зор үлес қосып, қиын-қыс­тау тарихи қақтығыс заманында тапқан жаңа Ота­ны­ның нағыз патриот-суретшісі ретінде танытты.
Экспозицияда «ұлттық белгілері бойынша» ХХ ғасырдың басында Париж Көркемсурет академиясын  аяқтаған Ким Хен Нюннің; кескінде­ме­ші Михаил Ким мен белгілі график әрі кітап безен­діру­ші Борис Пактың;  А.Пушкин атындағы Мем­лекеттік өнер мұражайының бұрынғы директоры, Европадағы көрмелерде картиналарын қойып жүрген суретші Владимир Эйферттің және Киев Суретшілер серіктестігінің мүшесі, ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдегі көптеген көрмелерге қатысқан суретші  Леонид Брюммердің туындылары көрсетіледі. Көрмеге қатысушылар­дың тізімін Императорлық театр­лардың дирек­то­рының ұлы, Қазақстанға «әлеу­меттік жат элемент» ретінде айдалып келіп, өзінің ең үздік жұмыстарын Қазақстан театрларында қоюшы-суретші ретінде туындатқан В.В.Теляковскийдің және КСРО-дағы белгілі суретші әрі жазушы, аяқ астынан «жапон тыңшысына» айналған, үйсіз-күйсіз қаң­ғырып, қалжырап, түнімен опера және балет теат­рының жерасты қабатында ағаш мүсіндерін ойған Исаак Иткиндтің туындылары жалғастырады.
Көрермендер Қазақстан жерінде шынайы дарындары толығымен ашылған Павел Мари­ковс­кийдің, Шәміл Гулиевтің, Елена және Владимир Гри­го­рьяндардың және т.б. суретшілердің жұмыстарын да көре алады.
Көрменің ашылуы аясында «Мың тағдыр – бір Ел «Дөңгелек  үстелі» өтеді. Оған қатысушылар осы шеберлердің шығармашылық тағдыры жайлы баяндап, қазақ халқы жасаған қамқорлықтарын айтып, отбасылық естеліктерімен бөліседі.

Көрме мен «Дөңгелек үстел» бірінші наурызда,
сағат 16.00-де басталады.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір