ЖЫРҒА АЙНАЛҒАН ЖЕЛ ҮНІ
13.11.2023
130
0

Өткен айда Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында тағы бір кітаптың тұсауы кесілді. Авторы – жас ақын Оразай Жеңісұлы. Тырнақалды туынды «Жел сүлей» деп аталады.
Жас ақынның өзі бұл туралы: «Аға буын ақындармен ақылдаса келе, тұңғыш жыр жинағымның атын «Жел сүлей» деп қойдық. «Сүлей» парсы тілінен аударғанда «үн» деген сөзбен үндеседі. Демек, мұны «Желдің үні» деп қабылдасаңыздар болады. Шынында да, желдің құлағыма сыбырлаған ғажайып тылсымын өлең етіп, оқырманға ұсынып отырмын», – дейді.
Ендеше осынау желдің үні оқырманның жан сарайын самалымен тербегей!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір