Ер Тұғырды тұғырға қондырған роман
05.10.2023
205
0

Жуырда «Arna-b» баспасынан Бегімбай Ұзақбаевтың «Тұғыр» атты кітабы басылып шықты. Тарихи романда Тұғыр Кенжесұлының ел тәуелсіздігі үшін жоңғар, қалмақ, түрікмендермен аянбай соғысқаны, жауынгерлік ерлігі егжей-тегжейлі баяндалған.

Жаужүрек батырдың балалық кезінен бастау алған шығарма желісі Тұғырдың ұлт тұтастығын сақтау жолындағы өршілдігіне ұласады. Хас батырдың ғұмыр жолы, ел, жер азаттығын сақтауға бағытталған жорықтары романның өн бойында нақты деректермен өріліп отырады. Жау шапқыншылығынан шаршаған ха­лықтың күш біріктіре ең әуелі жоңғарға тойтарыс беріп, одан соң қалмаққа соққы беріп, соңынан түрікменді тәубесіне келтіргені әсерлі бейнеленген.
Кітаптың құры­лымына да автор талғампаздықпен қараған. Бұл ретте жаңа кітап Тұғырдың атасы, әкесі және өзі туралы шақтарды қамтыған үш кезеңді суреттейді. Тақырыптар бір-бірімен үндес, өзектес болып өрілгенін де бірден байқауға болады.
Қоғам қайраткері, белгілі кәсіпкер Алтынбек Тыныштықбайұлының демеушілігімен жарық көрген кітап көпшілік оқырманға арналған.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір