Бабы келіп, бағы жанғандар
11.09.2023
277
0

Биыл 22 мамыр мен 22 тамыз аралығында отандық детектив жанрының негізін қалаушы, көрнекті жазушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына арналған «Кемел қаламгер» республикалық шығармашылық байқауы ұйымдастырылған болатын. «Проза», «публицистика» жанры, сонымен бірге оқушылар арасында эссе, педагогтар, магистрант­тар мен студент­тер арасында зерт­теу мақала бойынша өткен байқауға 7 роман және 320-дан астам жұмыс келіп түсті. Байқау ережесі БАҚ бет­терінде жарияланғаннан бастап, 3 ай бойы Әлия Бөпежанова, Серік Әбікенұлы, Жадыра Шамұратова бастаған әдеби сарап­шылар түскен жұмыстарды бағалап, рецензиялар жазып отырды. Ал Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкеновтің төрағалығымен Роза Мұқанова, Тұрысбек Сәукетаев, Жанарбек Әшімжан, Әміре Әрін бастаған комиссия мүшелері финалға шыққан жұмыстарды қарап, әдеби сарап­шылар берген рецензияларды негізге ала отырып, ашық дауыс беру арқылы жеңімпаздарды анықтады.
Байқау жеңімпаздары 2 қыркүйек күні қаламгердің туған жері Үштөбе қаласында Кемел Тоқаевтың 100 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған іс-шара аясында марапат­талды.

Проза жанры бойынша:
Бас жүлде – Абай Аймағамбет
(«Бұрылысқа жарты қадам қалғанда» романы үшін)
Бірінші орын – Шаймерденова Самал («Шекер мен Заһар» әңгімесі үшін)
Екінші орын – Нұрлыбек Саматұлы
(«Кешігіп ашылған қылмыстар» әңгімесі үшін)
Үшінші орын – Заря Жұманова («Жұмадағы жұмбақ өлім» повесі үшін)
Арнайы сыйлық – Бақытжан Қанапиянов
(«Где-то там, за Иртышом» (повесть-эссесі үшін)
Публицистика бойынша:
Екінші орын – Маржан Әбіш («Сарғабан стихиясы» ат­ты мақаласы үшін)
Үшінші орын – Жантас Еркінұлы (Жазушы Кемел Тоқаев шығармашылығы және конспирологиялық детектив)
Студент­тер, магистрант­тар және педагогтар арасында өткен байқау бойынша:
Бірінші орын – Рахметова Нұрзия (Үштөбе қаласы, К.Тоқаев атындағы орта мектептің мұғалімі)
Екінші орын – Ақелік Мұрат (Еуразия Гуманитарлық институтының студенті)
Үшінші орын – Қарлығаш Қашқынбай (Павлодар қаласында тәрбиеші)
Оқушылар арасындағы шығар­машылық байқау бойынша жеңімпаздар.
ОҢТҮСТІК ӨҢІРІ
Бірінші орын – Болат Айзере (Талдықорған қаласы)
Екінші орын – Төлбасы Айдана (Түркістан облысы Шардара ауданы)
Үшінші орын – Нұрлан Құрмаш
(Түркістан облысы Арыс ауданы, Қожатоғай ауылы)
СОЛТҮСТІК ӨҢІРІ
Бірінші орын – Сат­тарова Жамал (Астана қаласы)
Екінші орын – Жақсыбай Жанель
(Қарағанды облысы, Ақтоғай, ауданы, Сары-Шаған кенті)
Үшінші орын – Ерболұлы Сержан (Қостанай қаласы)
ШЫҒЫС ӨҢІРІ
Бірінші орын – Дидаров Абылай (Абай облысы, Аягөз ауданы, Бидайық ауылы)
Екінші орын – Кәукенов Ерасыл (Семей қаласы)
Үшінші орын – Серікова Сымбат
(Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ойшілік ауылы)
БАТЫС ӨҢІРІ
Бірінші орын – Тастембек Эльдар (БҚО Бәйтерек аудандық білім беру бөлімі Үлкен Шаған жалпы орта білім беретін мектебінен)
Екінші орын – Құмарғали Жанерке (БҚО Казталов ауданы, Жаңатаң ауылы)
Үшінші орын – Ондасынқызы Әсия
(Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Еңбекту ауылы)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір