Жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің алдын алу
28.07.2023
559
0

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының балалар мен жасөспірімдер бойынша штаттан тыс бас гинекологы Дана Өтегенованың деректері бойынша жасөспірімдер арасында өздігінен түсік түсірудің 63,9 пайызы тіркелді, түсіктен кейінгі асқынулар 17,5 пайызға жеткен.

Ерте жүктілікке 13 пен 19 жас аралығындағы жүктілік жатады. Дамушы елдерде жыл сайын 15 пен 19 жас аралығындағы қыздарда 12 миллионға жуық бала туу жағдайы, сондай-ақ 15 жасқа дейінгі қыздарда 77 мың жағдай тіркеледі. Оның ішінде 10 миллион жағдай – қажетсіз жүктілік болып шығады екен. Орташа алғанда, 15 пен 19 жас аралығындағы 100 қыздың 3-еуі жүкті болып, олардың 15 пайызы түсік жасатумен аяқталады. Сонымен қатар ауылды жерде жүкті қыздар жиі босанады және сәйкесінше олардың арасында қаладағы қыздарға қарағанда түсік түсіру аз болады. Жасөспірім қыздардың 81 пайызы жүктіліктің ерте кезеңінде (жүктіліктің 12 аптасына дейін) медициналық ұйымдарға жүгінген және 53,7 пайыз түсік хирургиялық кюретаж әдісімен жасалған.
Қазақстанда 15-19 жас аралығындағы жасөспірім қыздар Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымындағы елдерге қарағанда алты есе жиі босанады. 19 жасқа толмаған қыздарда жүктілік жоспарланбаған, алдын-ала дайындықсыз орын алады. Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының мәліметінше соңғы үш жылда жүктіліктің өсуі байқалды. 2019 жылы 15-17 жас аралығындағы 1651 жүкті қыз тіркелді. Бүкіл әлемде 15-19 жас аралығындағы қыздар арасындағы өлім себептері жүктілік немесе босану кезіндегі асқынулар болып табылады. Жыл сайын қыздар арасында түсік жасатудың шамамен 5,5 миллион жағдайы тіркеледі, оның 3,9 миллионы қауіпті.
Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы ерте жыныстық дебюттің медианалық мәні 16,5 жасты құрайды және жасөспірімдердің едәуір бөлігі қауіпті кездейсоқ жыныстық қатынастар тәжірибесіне алаңдамайды. Жасөспірім аналардың балаларында 20-24 жас аралығындағы әйелдерде туылған балаларға қарағанда өлім қаупі жоғары. Жүкті жасөспірімдердің үштен бірі перинаталдық күтімді толық алмайды. Ерте жүктілік пен босанудың негізгі қауіптері – болашақта жүктіліктің болмауы, ауыр токсикоздың, гестоздың дамуы.
Ерте жүктілік әлеуметтік-экономикалық факторлармен бірге жүреді. Мысалы, ақшаның жетіспеушілігі. Сондай-ақ жасөспірім аналар көбінесе оқуды тоқтатуға мәжбүр. Жүкті қыздардың тек 10-12 пайызы орта білім алады. Қалған 29 пайызы одан әрі оқытылады. Жүктілік кезінде және одан кейін жасөспірім қыздар арасында суицидтің таралуы жеті есе көп. Қазақстанда 2019 жылы 59 кәмелетке толмаған қыз өз-өзіне қол жұмсады. Қазақстанда жыл сайын мыңдаған жасөспірімдер жүктілігі, көшеде тастап кеткен сәбилер, балалар мен әйелдерге бағытталған жыныстық және физикалық зорлық-зомбылық фактілері тіркеледі. Мұндай жағдайда жастар мен жасөспірімдерге өздерін физикалық және эмоционалды түрде қорғай білу маңызды. Олар қауіпсіз жыныстық мінез-құлық дағдыларын алу, ақпараттандырылған шешімдер қабылдау және ескірген стереотиптерді жеңу үшін жыныстық және гендерлік білімді қажет етеді.

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының
тапсырысы бойынша, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі
Алматы қалалық орталығы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір