Суретті түсірген Сайлау Пернебаев
28.07.2023
752
1

Қазақ баспасөзінің ендігі мұрағат қорына айналған газет-журналдардың бетін парақтасаңыз, «суретті түсірген Сайлау Пернебаев» деген жазу көзіңізге жиі шалынары анық. Сәкең – Сайлау Пернебаев Б.Тілекметов, С.Ақпанбетов, Р.Дүйсенғалиев,
С.Бәсібеков секілді өзіне дейінгі фототілшілердің жолын жалғастырып, фото-суретті өнер деңгейіне көтерді.

Жуырда Сайлау Пернебаевтың «Ақ пен қара» атты альбом-кітабы «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен жарық көрді.
Кітаптың аты неге «Ақ пен қара»?
«Қара түсті суреттердің ғұмыры ұзақ болады. Ал, түрлі-түсті сурет­тер­дің өмірі 20-25 жыл ғана. Одан кейін қағазының өзі ғана қала­ды», – депті кітаптың кірісіпе сөзінде марқұм Сайлау ағамыз.
Қажырлы, қайратты қарапайым өмір адамдарынан бастап өнер бәйгесінде аты озған тұлғалардың келбетін сомдаған сойы бөлек фотожурналист Сайлау Пернебаевтың қара түсті суреттердің ғұмырындай ұзақ ғұмыры жалғасып жатыр.

ПІКІРЛЕР1
Аноним 24.07.2026 | 12:15

Айттыңыз екен, енді сол фото-альбомнан бес-алты суретін көрсетпедіңіз бе…

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір