Пушкин мен Бунин Құранды кие тұтқан
Әлемнің екі жарым миллиардтан астам халқы тұтынатын қасиетті Ислам діні мен күллі мұсылман халқының киелі кітабы – Құран атақ-даңқы алты құрлыққа жайылған небір ой алыптарының, данышпан ғалымдар мен әйгілі ақын-жазушылардың шексіз таңданысын һәм зор сүйіспеншілігін туғызған. Мысалы, орыстың Пушкин, Лермонтов, Толстой және басқа да көрнекті тұлғалары ислам дінінің айрықша қасиеттерін, адамзат атаулыға үлгі дерлік ұлағаттарын оқығаннан кейін таңғажайып бір күйге еніп, Құранға арнап өлеңдер мен салиқалы сөздер қалдырған. Және сол аталмыш алыптардың бәрі де Құранды төл тілінде емес, орысша тәржімасы түрінде ғана оқығанының өзінде сондай ғажайып күйге бөленгендерін айтады. Ендеше, орыстың бетке ұстар ақыны, әрі жазушысы Иван Бунинге бір сәт назар аударыңызшы:
…Здесь царство снов,
Ни сотни верст безлюдно
Солончаков нагие берега.
Но воды в них – небесно-изумурудно
И щелк снегов белее чем снега.
В щелках плесков
лишь сизые полыни,
Растит Аллах для кочевых отар,
И небеса здесь несказанно сини,
И солнце в их –
как адксий огонь, Сакар1
И в знойный час,
когда мираж зеркальный
Сольет весь мир в один великий сон,
В безбрежный блеск,
за грань земли печальной,
В сады Джиннат уносит душу он.
А там, течет там льется за туманом
Река всех рек, лазурная Ковсерь2
И всей земле, всем племенам
и странам
Сулит покой, Терпи, Молись, Верь.
Оны қазақшаласақ былай болады:
Сакар1 – Сахара
Ковсерь2 – Кәусар бұлағы.
Ұш-қиырсыз тыныштықтың
патшалығы мүлгіген,
Аппақ, сормен көмкерілген жағалау.
Ал айдыны – көк зүмірет –
толқып жатқан бір кілем
Ақ жібектей қары қандай!
Көзді қарып барады-ау.
Көшпендінің малы оттайтын
көкшіл жусан – от кермек,
Бір Алланың мейірімімен татар дәм.
Суреттеуге тіл жетпейтін аспан
неткен көкпеңбек?!
Сахараның ми шыжғырған күні-дағы
қатал һәм!
Бар дүние қуырылған
аптап желдің отымен,
Сағым кілкіп, ұйқы басса жан-жақты –
Қайғы-қасірет толы Жердің бетінен
Аллаһ адамды енгізеді
бақшасына Жәннаттың.
Кәусар бұлақ ағады онда күнде,
күндіз, түнде де,
Мөлдірлердің мөлдірі – ол,
тұнықтардың түнығы.
Құлшылық ет! Тілек тіле!
Төз! – дейді кім-кімге де
Алла сонда жарылқайды,
ұлылардың ұлығы!
Міне, орыс ақыны И.Бунин Тозақ пен Жәннат туралы өз түсінік-түйсігін поэзия тілімен осылай суреттейді.
Осы тақылеттес келесі өлең жолдарында да осынау кемеңгер ақын өз кейіпкері арқылы Құран сүрелерінен мынадай өсиетті сөздерді келтіріп, ұлық пайғамбар Мұхаммедті үлгі тұтады:
Он: «…Әлиф, Ләм, Мим!
Во имя Бога и Пророка.
Прочти слуга небес и река.
вой бранный клич: скажи, каким
Девизом твой клинок украшен?»
И он сказал:
«Девиз мой страшен
Он тайна тайн: Элиф. Лям. Мим»
«Элиф. Лям. Мим?»
Но эти знаки
Темно как в загробном мраке
«Элиф, как путь в загробном мраке:
Сокрыл их тайну Мохаммед…»
– Молчи, молчи! «– Сказал он строго
Нет в мире Бога, кроме Бога,
Сильнее тайны – силы нет».
Сказал, коснулся ятаганом
Чела под щелковым тюрбаном,
Окинул жаркий Атмейдан
Ленивым взглядом хищной птицы
И тихо синие, ресница
Опять склоил на ятаган.
Бұның қазақшасы былай болады:
Кенет ол, сол сәт мұны таңдандыра
Соғылған Шам шаһарда қанжарына
Бір үрлеп қалып еді деміменен
Жарқ етті көк түтінді түріп тастап
Шар болатқа аптатқан алтын әріп
Жазылған шын зергерлік ебіме екен
Деді ол:
– Айтшы енді,
Жауыңа жарқылдатып сермеп келген
Бұл қанжар қай ұранмен
өрнектелген?
Тек, шын айт, Алла атымен,
Пайғамбармен
Ей, пенде! Мекен тапқан
Жер мен Көктен!
Ол айтты:
Жұмбақ қой – бұл,
Ешбір жұмбақ аспас одан,
Шешуін ол жұмбақтың таппас адам
Әлиф, Ләм, Мим!
Бұдан сен астар аңды,
Ол астар көрдегідей тас қараңғы
Болмасын онда сенің енді ісің
Құпия ол!
Мұхаммедке жоқ тең бір кісің.
Деді ол: Тоқтат сөзді, тоқта қане,
Құдай жоқ бір Алладан басқа және
Бұл құпия, құпия сөз –
бұл жалғанның ең күштісі.
Сосын ол от жанарын қадап алға
Өрт желге Атмейданды орап алған,
Маңдайын ашып жібек орамалдан,
Қанжарын қозғап қойып,
Жан-жағына!
Жанарын жыртқыш құсша іркіп керім,
Үндемей төмен қарап, кірпіктерін
Қадады тағы мұздай қанжарына.
Әңгіме дін, ұлттық салт-дәстүр және осы рухани қазыналарға әйгілі тұлғалардың көзқарасы мен пікірлері хақында болғандықтан, есімі алты құрлыққа аян А.Пушкиннің мына бір өлеңін мысалға келтірейін. Ұтыры келгенде айта кетейік, оның «Подражение Корану». Яғни, «Құранға еліктеу» деген өте терең ойға толы өлеңі бұрын оқырманнан жасырылып келген болса, ол қазір ақынның кітаптарына еркін енгізіле бастады. Сонымен…
Иә, қазір біздің қазекемнің «өркениетті», «европизированный», «глобальзованның» «толерантный» атқамінерлерінен бастап, ешнәрсенің толық байыбына, түп-төркініне ой жүгіртіп, «бас қатырып» жатпастан жаңа бір нәрсе көрсе, не естісе оның оң-терісіне қарамай, «қарсы базар қағып алып» қайталауға даяр тұратын қарашыларына шейін бас орамал тартқан қыздарымызға баспасөзде де, сөз бостандығын халқымыздың ата-дәстүрінде болып та көрмеген, әрі жат қылықты жастарымызға пайдаланғыш фейбускте де бүйідей тиісетін болды. Олар көшеде мини шорты киіп, бұтын жарқыратып, омырауын ақтарып тастап, кіндігін көрсетіп, былапыт сөзді судай сапырып бара жатқандарға орамал тартып, ұзын көйлек киіп жүретін қыздарды күстаналайтын болды. Сірә, ілгері басқан аяқты кері кетіру дегеннің бір түрі осы шығар деп күйінесің сондайда. Өздерін «ұлы орыс мәдениетінен сусындаған» деп есептейтін солар сол орыстар тұтынатын христиан дінінде де әйел жыныстының жалаңбас жүруі Құдайға қарсылығының нышаны болып есептелетінінен де бейхабар болуы ықтимал. Ал Құранға арнап бірнеше өлең жазған, Құранды ең киелі кітап деп есептеген данышпан шайыр А.С.Пушкиннің мына бір өлеңіне көңіл аударып көріңізші:
О, жены чистые, Пророка,
От всех жен вы отличены
Страшна для вас и тень порока,
Под сладкой тенью тишины.
Живите скромно: вам пристало
Безбранной девы покрывало
Храните верные сердца
Для нее законных и стыдливых
Да взор лукавый нечестивых
Не узрит вашего лица.
Оны қазақшаласаң:
Оу, пәк жарлары, Пайғамбардың,
Махаббаттың асқақтатқан шынарын.
Дәл сендердей пәкизат жоқ еш елде
Заты түгіл атын білмес күнәнің.
Бейбіт өмір белгісіндей бола алар
Сендер тартқан сонау сәнді орамал
Құдай қосқан жардан
ләззат тапқандар
Адалдықты дәл осылай сақтаңдар
Жасырыңдар жүздеріңді көрмесін
Сұлулықты сұм көзімен атқандар.
Иә, адам баласы шыр етіп дүниеге қай ұлттың, қай нәсілдің туындысы болып келсе, ол басқа ұлт перзенті боламын деп қанша тырмысып, тырысып өзін әуреге салса да, о баста Жаратушы Иеміз жаратқан нәсілінен мүлде өзгеріп басқа миллеттің, яғни, басқа ұлттың перзенті, өкілі болып кете алмайды. Оны біз де дәлелдеп әуреге түсіп жатпай-ақ, тарихта жазылып қалған мына бір жағдайды мысалға келтірсек сол да жетерлік болып қалар дегіміз келеді.
Ұлты татар, кейін христиан дінін қабылдап, өзінің де әкесінің де аты-жөнін орысшаға өзгерткен, өз заманының үлкен ғалымы, Қазан университетінің профессоры Николай Федорович Катанов атақты ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері ұлты татар Ахмет Зәки Уәлидиге мынадай хат қалдырған екен.
Біз моңғол тектес және шығыстүркілік үш адам – Доржи Банзаров, Шоқан Уәлиханов және мен шығыстанушылық жолына түстік. Үшеуміз де өзімізді түгелдей орыс әдебиетіне бағыштадық. Мен шамандықтан шығып, христианин болдым, солардың ғылымына қызмет еттім. Шоқан мен Доржи 35 жасқа да жетпестен келмеске кетті. Өйткені біздің орыс әріптестеріміз бізге ішімдік ішуден басқа ешнәрсе үйреткен жоқ. Ал сен олардың ішінде бізден кейінгі төртінші боласың. Сондықтан сен байқап жүр! Мен өскен бұл мәдени орта мұсылмандық сияқты өте күш қуатты орта емес. Қазір біздің халқымыздың болмысы адам аярлық, тіпті жылағың келеді. Біз қанша тырбансақ та орыстың ортасында қашанда жат адам болып есептелеміз. Мен сені көргенде өзінің соншалықты күш-қуаты шексіз мәдениеттің өкілі екенін жақсы білетін адамды көргендей боламын.
Н.Ф.Катанов Ахмет Зәки Уәлидиге бұл хатты 1911 жылы жазған екен. Ойлануға тұрарлық па, жоқ па?
Мырзан ШАЛҚАРИ